Philips AQUA 8000 Series Manual page 183

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты құрылыс қалдығын,
цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және ұқсас заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты
сүзгілерсіз қолдануға болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың қызмет мерзімін
қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілгендей тазалаңыз. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай
бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды тек қана адаптердің көмегімен зарядтаңыз. 30 В ZD12D300050EU адаптерін ғана
пайдаланыңыз. Адаптерден тиісті адаптер нөмірін табуға болады.
-
Зарядталып жатқанда адаптер шамалы ысып кетеді. Бұл қалыпты жағдай.
-
Құралды розеткаға қосуды, ажыратуды немесе пайдалануды ылғалды қолдармен орындамаңыз.
-
Адаптерді сымынан (сурет 1) тартумен қабырға розеткасынан алмаңыз. Зарядтауға арналған
зарядтау станциясын пайдаланбаған кезде магниттік зарядтау дискісін құрылғыдан (сурет 2)
ажырату арқылы құрылғыны үнемі розеткадан ажыратыңыз.
-
Қолданып болған соң және зарядтамас бұрын, құралды әрдайым өшіру керек.
-
Шаңды сорғызып жатқанда, құрылғының артындағы ауаны шығаратын тесіктерді жаппаңыз.
-
Шаң контейнерін және шаң контейнері қақпағын ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз. Оларды
ыдыс жуу машинасында жууға болмайды.
-
Материалға зақым келтірмеу үшін сүзгі ұстауышының ақ материалын әдеттегі шаңсорғышпен
немесе щеткамен тазалауға болмайды.
-
Сүзгі ұстауышының ақ материалын сумен немесе тазартқыш затпен тазаламаңыз. Бұл —
материалды зақымдауы мүмкін.
-
Шаңсорғышты үнемі жиналған сүзгімен қолданыңыз.
-
Жуылатын губка сүзгісін сумен тазалағанда, сүзгі ұстауышына және шаң контейнеріне қайта салар
алдында оны толық құрғатыңыз. Губка сүзгісін тікелей күн сәулесінде, радиаторда немесе кептіргіш
барабанда кептірмеңіз. Сүзгі ұстағышты сумен тазаламаңыз. Бұл бөлшек жуылмайды.
-
Сүзгіні қайтып дұрыстап тазалау мүмкін болмаса немесе зақымданса (көріңіз 'Керек-жарақтарға
тапсырыс беру'), оны ауыстырыңыз.
-
Philips арнайы ұсынбаған жағдайда басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша
бөлшектерін қолдануға болмайды. Егер осындай аксессуарлар немесе бөлшектер пайдаланылса,
кепілдік жарамсыз болады.
-
Құралдың қабырғаға тіркелген зарядтау станциясымен пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай орнатылғанын тексеріңіз.
-
Ток соғу қаупін болдырмау үшін зарядтау станциясын тіркеу мақсатында қабырғада тесік жасаған
кезде абай болыңыз.
-
Бұл құрал суды тазалау үшін пайдаланатындықтан еден сәл уақыт (сурет 3) ылғал әрі сырғанақ
болуы мүмкін.
-
Зақымдалуды болдырмау үшін ешқашан су ыдысында ерімейтін балауызды, майды, еденді күту
өнімдерін немесе сұйық еден тазалағышын қоспаңыз әрі құралдың оларды тартуына жол бермеңіз.
-
Мөлдір сұйық еден тазалағыштарды ғана пайдаланыңыз. Сүт сияқты немесе мөлдір емес еден
тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
-
Әр түрлі сұйық еден тазалағыштарын араластырмаңыз. Бір еден тазалағышын пайдаланғанда,
таза су ыдысының суына басқа еден тазалағышын қосу алдында таза су ыдысын босатып
шайыңыз.
-
Сұйық еден тазалағышын пайдаланғанда, ешқашан ең көп мөлшерлерден асырмаңыз. Ыдыс
сыйымдылығы 200 мл болғандықтан су ыдысындағы суға бірнеше тамшы ғана қосыңыз.
Қазақша
185

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Aqua xc8149/01Aqua xc8147/01

Table of Contents