Philips AQUA 8000 Series Manual page 185

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Құрылғыны пайдалану
Пайдалану шектеулері
-
Су ыдысын суға төзімді жоғарғы қабаты (мысалы, линолеум, жылтыр кафель және лакталған
паркет) бар қатты және тас (мысалы, мрамор) едендерде ғана пайдаланыңыз. Егер еденіңіз суға
төзімді ету үшін өңделмеген болса, өндірушіден оны тазалау үшін суды пайдалануға бола ма, жоқ
па, соны сұраңыз. Су ыдысын суға төзімді жоғарғы қабаты зақымдалған қатты едендерде
пайдаланбаңыз.
-
Су ыдысын тек линолиумның жуу қондырмасының ішіне тартылуын болдырмау үшін дұрыс
бекітілген линолиум едендерде пайдаланыңыз.
-
Кілемдерді тазалау үшін су ыдысын пайдаланбаңыз.
-
Құралды су ыдысымен бірге жылжытпаңыз, себебі ол су іздерін қалдырады. Тек алға артқа
жылжыңыз.
Ескертпе: Жұмыс уақыты тазалау барысында қолданылған қуат деңгейіне байланысты.
Еден жуу төсемесі және ылғалды лента
Құрал бір ылғалды лентамен және екі бірдей микро талшықты еден жуу төсемесімен келеді.
Стандартты еден саптамасына тіркелген микро талшықты еден жуу төсемесі, су ыдысы және ылғалды
лента көмегімен қатты едендерді тазалай аласыз.
Су ыдысында сұйық еден тазалағышын пайдалану
Су ыдысындағы суға сұйық еден тазалағышты қосқыңыз келсе, суда еритін аз көбіктенетін немесе
көбіктенбейтін еден тазалағышын пайдаланыңыз. Су ыдысының сыйымдылығы 200 мл болғандықтан,
сұйық еден тазалағыштың аз ғана тамшысын қосу керек.
Су ыдысын тазалау
Су ыдысын тазалау үшін бір бөлшек сірке суын үш бөлшек сумен араластырыңыз. Бұл қоспаны су
ыдысына құйып, қақпақты жабыңыз. Су ыдысын шайқап, су ыдысын су өткізбейтін бетке қойыңыз. Су
мен сірке суының қоспасы бар су ыдысын түнге қалдырыңыз. Содан соң, су ыдысын босатып, оны
тұщы сумен шайып, оны қалыпты түрде пайдаланыңыз.
Абайлаңыз: Тазалау барысында су ыдысынан (саптамаға ылғалды лента тіркелсін-тіркелмесін) су
кемиді.
Су ыдысын босату үшін су ыдысын шұңғылша үстінде ұстап, қақпақты алып, су ыдысын толтыру
саңылауы шетіне еңкейтіңіз. Одан кейін суды шұңғылшаға құю үшін су ыдысын төңкеріңіз. Су
ыдысынан қалған суды кетіру үшін, су ыдысын шұңғылшаға бағытталған толтыру саңылауы арқылы
ұзын жағына бұраңыз. Одан кейін су ыдысынан қалған суды ағызу үшін су ыдысын еңкейтіңіз.
Ескертпе: Су ыдысын үнемі толтыру саңылауынан алынған қақпақпен сақтаңыз.
Керек-жарақтарға тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін, www.philips.com/parts-and-accessories
сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға
қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін халықаралық кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Қазақша
187

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Aqua xc8149/01Aqua xc8147/01

Table of Contents