TEFAL RK901F32 Manual page 116

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
әкеледі. Қаймағы жартылай сүтке бір-екі тостаған құрғақ сүт
қосса да болады.
• Пастерленген сүт: ондай сүттен бетінде қаймағы бар кілегейлі
йогурт шығады.
• Шикі сүт (ферма сүті): мұны қайнату керек. Сондай-ақ, оны
ұзақ уақыт бойы қайнату ұсынылады. Бұл сүтті қайнатусыз
пайдалану қауіпті болатын еді. Содан кейін құрылғыда
пайдалану алдында оны салқындауға қалдыру керек. Шикі
сүтпен әзірленген йогуртты пайдаланып ашыту ұсынылмайды.
• Ұнтақты сүт: ұнтақты сүтті пайдалану өте кремді йогуртқа
әкеледі.
Өндіруші қорабындағы нұсқауларды орындаңыз.
Бүтін сүтті таңдаңыз, ультра жоғары температуралы ұзақ
мерзімді болғаны жөн.
Шикі (жаңа сауылған) немесе пастерленген сүтті қайнатып,
суытып, қаймағын алу қажет.
Йогурт жасауға
арналған ашытқы
Ол мыналардан жасалады:
• Дүкенде сатылатын сақталу мерзімі ұзақ табиғи йогурт;
йогурттың тірі ашықтысы көп болып, йогурт қою болып шығады.
• Қатырып кептірілген ферменттен. Бұл жағдайда фермент
туралы нұсқауларда көрсетілген белсендіру уақытын ескеріңіз.
Бұл ферменттерді супермаркеттерде, дәріханаларда және
белгілі бір денсаулыққа пайдалы өнімдер дүкендерінде табуға
болады.
• Жақында өзіңіз дайындаған йогурт — табиғи және жақында
дайындалған болуы керек. Бұл ашыту деп аталады. Бес ашыту
процесінен кейін пайдаланылған йогурт белсенді ферменттерді
жоғалтады, сондықтан жұмсағырақ консистенцияны беру қаупі
бар. Ондайда қайтадан дүкеннен сатып алынған йогурт немесе
мұздатылған ашытқыны қосу керек болады.
Қайнатылған сүт бар болса, ферментті қосу алдында ол
бөлме температурасына жеткенше күтіңіз.
Тым жоғары жылу ферменттің қасиеттерін бұзуы мүмкін.
Ферменттеу уақыты
• Құрамына және күтілетін нәтижеге байланысты йогурт 6-12
сағат ұйытылады.
116

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Multicook & stir

Table of Contents