Stihl EVC 200 C Instruction Manual page 113

Table of Contents

Advertisement

5 Қозғалтқышты жұмысқа дайын ету
5
Қозғалтқышты жұмысқа
дайын ету
5.1
Қозғалтқышты толтыру
Іштен жанатын қозғалтқыш этилденбеген
бензин үшін мақұлданған. Этилденбеген
бензин азырақ қалдықтармен жанады, от
алдыру білтесіндегі тұнбаларды азайтады
және газ шығару жүйесінің қызмет ету
мерзімін ұзартады. Бензин мына талаптарды
орындауы тиіс:
– Бензин таза, ластанбаған және
этилденбеген.
– Бензиннің октандық саны кемінде 85
құрайды.
– Бензиннің құрамындағы этанол 10% (E10)
шамасынан аспайды.
STIHL компаниясы STIHL MotoPlus
жанармайын ұсынады. Бұл жанармай
құрамында бензол, күкірт пен денсаулыққа
зиянды иістер жоқ дерлік.
Бак сыйымдылығы 0,9 литр құрайды.
Назар аударыңыз
■ Егер қозғалтқыш дұрыс бензинмен
толтырылмаса, қозғалтқыш зақымдалуы
мүмкін.
STIHL компаниясы жаңа бензин маркаларын
пайдалануды ұсынады, екі тактілі қоспаны
(май қоспасы бар бензинді) қолдануға тыйым
салынады.
Тұрып тұнған немесе кірленген бензинді құюға
болмайды.
Бак ішінің кірмен және сумен ластануын
болдырмаңыз.
Тек рұқсат етілген бензинді қолданыңыз (E85
емес).
Гүрсіл не шуыл естіген жағдайда бензин
маркасын ауыстырыңыз.
► Қажет болса, делдалға хабарласыңыз,
STIHL компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► STIHL құрылғысын тегіс бетке қойыңыз.
► Жанармай багы құлпының айналасындағы
аймақты ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
0478-983-9945-A
► Жанармай багының құлпын (1) оны шығару
мүмкін болғанша сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
► Жанармай багының құлпын шығарыңыз.
► Жанармай сүзгісінің орнатылуын тексеріңіз.
► Бензинді ол шашырамайтындай етіп
арнайы құйғыштың көмегімен құйыңыз.
Бензинді жанармай багының жиегіне дейін
кемінде 15 мм бос орын қалатындай етіп
құйыңыз.
► Жанармай багының құлпын жанармай
багына орнатыңыз.
► Жанармай багының құлпын сағат тілінің
бағытымен бұрап, қолмен мықтап
тартыңыз.
Жанармай багы жабылады.
5.2
Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
Назар аударыңыз
■ Қозғалтқыш мотор майынсыз жеткізіледі.
Рұқсатты май деңгейінен асыру және
төмендету қозғалтқыштың зақымдалуына
апарып соғуы мүмкін.
► Алғаш рет іске қосудан бұрын мотор
майын құйыңыз.
► STIHL құрылғысын тегіс бетке қойыңыз.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
шығарыңыз.
► Мотор майын максималды толтыру
деңгейіне (2) жеткенше арнайы құйғышпен
құйыңыз.
Май көлемі 0,5 литр құрайды.
қазақ
113

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Evc 200

Table of Contents