Stihl EVC 200 C Instruction Manual page 112

Table of Contents

Advertisement

қазақ
► Бакты босату қажет болса: сыртта
орындаңыз.
► Қозғалтқышты отын құю орнынан кемінде
3 м арақашықтықта іске қосыңыз.
► Багында бензин бар қозғалтқышты
ешқашан бөлме ішінде сақтамаңыз.
■ Ішке тартылған бензин буы адамның
улануына әкелуі мүмкін.
Бензин буын ішке тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде отын
құйыңыз.
■ Жұмыс барысында қозғалтқыш қызады.
Бензин таралып, жанармай багында артық
қысым пайда болуы мүмкін. Жанармай
багының құлпы ашық болса, бензин
шашырауы мүмкін. Шашыраған бензин
тұтануы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы мүмкін.
Алдымен қозғалтқышты суытыңыз
және содан кейін жанармай багының
құлпын ашыңыз.
■ Бензин тиген киім оңай тұтанады. Адамдар
жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Киімге бензин тиген жағдайда: киім
ауыстырыңыз.
■ Бензин қоршаған ортаға қауіп төндіруі
мүмкін.
► Жанармайды төкпеңіз.
► Бензинді ережелерге сәйкес және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен
кәдеге жаратыңыз.
■ Егер бензин теріге немесе көзге тисе, тері
немесе көз тітіркенуі мүмкін.
► Бензиннің тиюіне жол бермеңіз.
► Егер теріге тисе: сұйықтық тиген жерді
сабындап, сумен жақсылап жуыңыз.
► Егер көзге тисе: көзді кемінде 15 минут
ішінде үлкен мөлшердегі сумен шайып,
содан кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Төгілген бензин тұтануы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Бензинмен ластанған беттерді
тазалаңыз.
► Бензин буы суалғанша, тұтанудың алдын
алыңыз.
■ Қозғалтқыштың от алдыру қондырғысы
ұшқын шығарады. Ұшқын сыртқа шығуы
және тұтанғыш немесе жарылғыш ортада
өрт және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы не қаза табуы
112
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
немесе материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
Қозғалтқышты тек бұрап кіргізілген
от алдыру білтесімен іске қосыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталған от алдыру білтелерін
қолданыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
мықтап қысыңыз.
■ Егер қозғалтқыш жарамсыз бензинмен
толтырылса, қозғалтқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Таза, этилденбеген бензин маркасын
қолданыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
мәліметтерге назар аударыңыз.
4.3
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пайдаланылған газдар шығады.
Ішке тартылған газдар адамның
улануына әкелуі мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды ішке
тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру
қабілетіңіз нашарлаған, есту қабілетіңіз
нашарлаған немесе басыңыз айналған
жағдайда: жұмысты аяқтап, дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
■ Қозғалтқыш іске қосылған соң қызып кетуі
мүмкін.
Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Тазалау алдында қозғалтқыш суығанша
күтіңіз.
■ Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
пайдаланушы шуды шектеулі түрде естуі
және түсінуі мүмкін.
► Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
■ Қозғалтқыш жоғары айналу жиілігінде
өшірілген кезде, қате оталдыру немесе
кейінгі оталдыру орын алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіруден бұрын 20 секунд
ішінде минималды айналу жиілігімен
жұмыс істетіңіз.
0478-983-9945-A

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Evc 200

Table of Contents