Тазалау Және Техникалық Қызмет Көрсету - Hotpoint Ariston SI C55 DEW Operating Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
ТОКқА қАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғы мәндері сипаттар тақтасында белгіленген мәндерге
сәйкес келетін розеткаға жалғанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Айыр қол жетерлік жерде болса, айырды суыру арқылы немесе
розеткадан бұрын жалғау ережелеріне сәйкес орнатылған бірнеше
полюсті ауыстырып-қосқышпен құрылғыны ток желісінен ағыту
мүмкін болуы керек, сондай-ақ құрылғы ұлттық электр қауіпсіздігі
нормаларына сәйкес жерге тұйықталуы тиіс.
Ұзартқыш сымдарды, бірнеше ұясы бар розетканы немесе
адаптерлерді қолдануға болмайды. Орнатқаннан кейін электр
құрамдас бөліктерге пайдаланушы қол жеткізе алмауы керек. Су
немесе жалаңаяқ болғанда құрылғыны қолдануға болмайды. Қуат
кабелі немесе айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемейтін немесе
зақымдалған я жерге түсіп кеткен құрылғыны пайдалануға болмайды.
Ток кабелі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші,
оның қызмет көрсету бойынша өкілі немесе сондай білікті мамандар
дәл сондай кабельмен ауыстыруы тиіс, әйтпесе ток соғу қаупі төнеді.
Кабель үстелдің шетінен салбырап тұрмауы немесе ыстық
беттерге тимеуі керек.
Құрылғыны ток желісінен ажырату үшін, температура тұтқасын ең
төмен температура параметрін бұрап, айырды розеткадан ағытыңыз.
Құрылғыны қуат кабелінен ұстап тартпаңыз
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫқ қЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ: Кез келген техникалық қызмет көрсету жұмыстарына
кіріспес бұрын, құрылғы өшірілгеніне және токтан ажыратылғанына көз
жеткізіңіз; құрылғыға бумен тазалау жабдығын немесе бүркілетін
тазалағыш заттарды қолданушы болмаңыз, әйтпесе ток соғу қаупі төнеді.
Құрылғыны тазалау үшін табанын абайлап сүртіп алыңыз.
Қызып тұрған құрылғыны дымқыл губкамен немесе шүберекпен
сүрткен кезде одан бу шығатынын ескеріңіз.
Құрылғыны тұтанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтармен
тазалауға болмайды. Тазалаған кезде, ешқандай күшті еріткіштер,
сілтілі тазалағыш заттар, абразивті тазалағыш заттар немесе
қырғыш заттар қолдануға болмайды. Құрылғыны тазалау үшін суға
салуға болмайды.
Құрылғыны қолданып болған сайын тазалап, құрылғы тегешінде
су қалдырмаңыз.
kz
it
79
79

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents