Кіріспе; Алдын Ала Ескертпе; Осы Пайдалану Нұсқаулығы Туралы; Клиникалық Деректер - Welch Allyn ABPM 7100 Instructions For Use Manual

Ambulatory blood pressure monitor
Hide thumbs Also See for ABPM 7100:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
5 - Кіріспе
Дефибриллятор разрядынан
қорғалған BF түріндегі қолданылатын
бөлшек
Кіріспе
Алдын ала ескертпе
ABPM 7100 24 сағат бойы қан қысымын өлшеу құрылғысымен енді иелігіңізде амбулаториялық қан қысымын
бақылау жүйесі (ABPM жүйесі) бар.
ABP мониторы ретінде белгіленген ABPM 7100 жаңа пациент үшін бірнеше минут ішінде дайындалуы мүмкін.
Бұл ABP мониторын оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді және күніне бір 24 сағаттық профильді өңдеуге
мүмкіндік береді.
Сондықтан ABPM 7100 құрылғысын күнделікті тәжірибеге тез енгізуге болады. Қан қысымының жазылған
мәндері тиісті бағдарламалық жасақтама арқылы бағалануы керек.
Гипертонияны басқару бағдарламалық жасақтамасымен және тиісті лицензиямен ABPM 7100 жазылған
пульстік толқындардың гемодинамикалық талдауын өңдеуге қабілетті.
Осы пайдалану нұсқаулығы туралы
Бұл пайдалану нұсқаулығы ABPM 7100 және оның керек-жарақтарымен таныстырады.
Гипертонияны басқару бағдарламалық жасақтамасын пайдалану туралы нұсқаулар CD дискісінде HMS
бағдарламалық жасақтамасымен бірге берілген.
CardioPerfect Workstation (CPWS) бағдарламалық жасақтамасын Welch Allyn компаниясы осы мақсатта
бағдарламалық жасақтаманы тіркеген және таратқан аймақтарда қан қысымын өлшеу үшін пайдалануға
болады.
Гемодинамиканы бағалауға арналған жаңартуларды сондай-ақ Welch Allyn компаниясынан сатып алуға
болады. Қосымша ақпарат алу үшін Welch Allyn компаниясына хабарласыңыз.
Нұсқаның нақты сипаттамаларына қатысты тек сіздің тиісті нұсқаңызға сәйкес келетін бөлшектер
қолданылады.
Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану туралы нұсқаулар алу үшін бағдарламалық
жасақтаманы пайдалану туралы нұсқауларды қараңыз.
Жаңартуларды алу үшін 5.0 және одан кейінгі нұсқадағы Гипертонияны басқару
бағдарламалық жасақтамасын (HMS) пайдалану туралы тиісті нұсқауларды оқып
шығыңыз.
Ескертпе
Бұл пайдалану нұсқаулығы ABPM 7100 құрылғысын және оның керек-жарақтарын қан
қысымын өлшейтін құрылғыны баптау, содан кейін орнату, бастапқы операция, өлшеуге
дайындық, пациентке орналастыру және бағалау реттілігі бойынша сипаттайды. Жеке
функциялар қажет болған кезде ғана түсіндіріледі. Сіз ABPM 7100 құрылғысымен
біртіндеп танысасыз.
Бұл пайдалану нұсқаулығы кейінгі пайдалану үшін өніммен бірге сақталуы керек!
Клиникалық деректер
ABPM 7100 қан қысымын өлшейтін құрылғысы ESH (еуропалық гипертония қоғамы), BHS (Британдық
гипертония қоғамы) және ISO 81060-2 талаптарына сәйкес келеді.
Құрылғы жүкті әйелдер, оның ішінде преэклампсиямен ауыратын пациенттер бойынша тексерілмеген.
Қауіпті МР пациентке,
медициналық қызметкерлерге
немесе МР (магниттік
резонансты) ортада басқа
қызметкерлерге қолайсыз
қауіптер туғызады
CE белгісі
ABPM 7100 келесі директивалардың талаптарына сәйкес келеді:
93/42/EEC (MDD) директивасы
2011/65/EU (RoHS) директивасы
ABPM 7100 құрылғысында CE белгісі бар.
Мазмұн
Стандарт
1. ABPM 7100 мониторы
2. Қысымды өлшеу манжеті – «Adult» (Ересек) өлшемі
3. Тасымалдау сөмкесі
4. ДК интерфейс кабелі
5. 4 дана AA сілтілі батареясы
6. ABPM 7100 пайдалану нұсқаулығы
7. Калибрлеу туралы ескертпе
8. Қысымды өлшеу манжеті – «Adult Plus» (Ересек
плюс) өлшемі (жинаққа байланысты)
Ескерту
Басқа керек-жарақтарды пайдалану нәтижесінде жарақат алу қаупі. Мақұлданбаған керек-
жарақтарды пайдалану өлшеу нәтижелерінің дұрыс емес шығуна әкелуі мүмкін.
Өндіруші мен Welch Allyn компаниясы мақұлдаған және таратқан керек-жарақтарды ғана
пайдаланыңыз.
Бірінші пайдалану алдында керек-жарақтарды өндірушінің ақпараты бойынша тексеріңіз.
Пайдалану нұсқаулығы- 6
HMS опциясы
1. HMS бағдарламалық жасақтамасы
2. Жұмысты бастау туралы қысқаша
нұсқаулық (жаңарту опциясына
байланысты)
3. Нұсқаға байланысты 16 саннан тұратын
лицензиялық код (жаңарту опциясына
байланысты)
KK

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents