Philips HD6161/00 Manual page 50

Philips fryer hd6161 1300 g metal removable bowl with timer
Hide thumbs Also See for HD6161/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
50
ҚазаҚша
Ескерту.
-
Тексеру немесе жөндету үшін, құралды тек Philips компаниясы мақұлдаған қызмет көрсету
орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндейтін болсаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
-
Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
-
Қадағалаушы терезені қолыңызбен ұстамаңыз, себебі ол қуырып жатқанда қатты қызып
кетеді.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс пайдаланылмаған немесе кәсіби не
жартылай кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты
болмайды.
-
Тағамды қара немесе қоңыр түстен көрі алтын сары түске дейін қуырыңыз және күйіп
кеткен қалдықтарды алып тастап отырыңыз. Крахмалды тамақтарды, әсіресе картоп пен
дәнді дақылдарды 175 °C-тан (акриламид шығарылуын азайту үшін) жоғары температурада
қуыруға болмайды.
-
Су немесе/және мұзды майға араласып кетуден сақ етіңіз, себебі бұл майдың қатты
шашырауына немесе көбіршектенуіне әкеліп соғады. Бұл үшін, қуырар алдында міндетті
түрде мұздатылған ингредиенттердегі артық мұзды алып тастап, оларды жақсылап тұрып
кептіріңіз. Себетті тым толтырып жібермеңіз. Тазалап болғаннан соң, қуырғышқа май құяр
алдында барлық бөлшектерді жақсылап тұрып кептіріңіз.
-
Құралда азиялық күріш құймақтарын (немесе сол тәрізді тамақты) қуырмаңыз. Өсімдік
немесе жануар майы қатты шашырауы немесе көпіруі мүмкін.
-
Қатты қызып және тасып кетпеуі үшін, өсімдік немесе жануар майы міндетті түрде
қуырғыштың ішкі ыдысындағы «MIN» мен «МАХ» көрсеткіштері арасындағы деңгейге дейін
құйылуы тиіс.
-
Өсімдік немесе жануар майы құйылмаған құралды қосуға болмайды: зақымдалуы мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Пайдалануға дайындау
1
Құралды алғаш қолданар алдында оны тазалаңыз («Тазалау» тармағын қараңыз).
2
Бақылау панелін қондырғыға орнатыңыз («сырт» ете түседі). (Cурет 2)
Егер бақылау панелі дұрыс орнатылмаған болса, қорғаныс түймесі автоматты түрде
қуырғышты іске қоспайды.
3
Қақпақты алып тастаңыз (Cурет 3).
4
Өсімдік/жануар майының кестесін қарап, қуырғышқа құйылатын май көлемін көріп
алыңыз (Cурет 4).
5
Кебу қуырғышқа майды, сұйытылған майды немесе ерітілген қатты майды деңгей
көрсеткішінің «МИН» мен «МАХ» деңгей аралығында етіп құйып, қақпағын жабыңыз.
Құралды май құймастан бұрын қосуға болмайды.
Өсімдік және жануар майы
Әртүрлі өсімдік немесе жануар майларының түрлерін араластырмаңыз және қолданылған
майға жаңадан өсімдік немесе жануар майын қоспаңыз.
-
Қуыруға арналған өсімдік майын немесе сұйық жануар майын қолдануды ұсынамыз. Соя,
жержаңғақ, жүгері немесе күнбағыс майы секілді өсімдік майын немесе қанықпаған жануар
майын (мысалы, линолей қышқылы) қолданған жөн.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd6161

Table of Contents