BRAYER BR4260 Instruction Manual page 38

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
38
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шаңсорғышты пайдалану алдында қолдану жөнін-
дегі басшылықты мұқият оқып шығыңыз, оқыған
соң, болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы болып
табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз жет-
кізіңіз.
• Аккумуляторлық батареяны қуаттау кезінде желілік
адаптердің корпусын су қолмен ұстауға болмайды.
• Шаңсорғышты пайдалану алдында аккумуляторлық
батареяны қуаттауға кеңес беріледі, егер сіз шаң-
сорғышты үш айдан аса уақыт пайдаланбаған бол-
саңыз, онда аккумулятордық батареяны қуаттаңыз.
• Аккумуляторлық батареяны жоғары ылғалды және
температуралы орындарда қуаттауға болмайды.
Аккумуляторлық батареяның қуаттандыруды +5°C
бастап +35°C дейінгі температурада және ауаның
80% аспайтын салыстырмалық ылғалдылығында
орындау керек.
• Егер желілік адаптер розеткаға қосулы болса, онда
оны қараусыз қалдырмаңыз.
• Егер шаңжинағыш-контейнер орнатылмаса немесе
дұрыс орнатылмаса, сепаратор және сүзгіштер блогы
орнатылмаса, онда шаңсорғышты пайдалануға тыйым
салынады.
• Егер шаңжинағыш-контейнер орнатылмаса немесе
дұрыс орнатылмаса, кіру немесе шығу сүзгісі орнатыл-
маса, шаңсорғышты пайдалануға тыйым салынады.
• Желіге қосылған құрылғыны, қараусыз қалдырмаңыз.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсынылмайды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа да
механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Құрылғыны жылыту аспаптарының, ашық оттың немесе
жылу көздерінің тікелей жанында пайдаланбаңыз.
• Шаңсорғышты аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау орындарында
шаңсорғышты пайдалануға тыйым салынады.
• Шаңсорғыш суды немесе кез келген басқа сұйықтықтар-
ды жинауға арналмаған.
• Жанып жатқан немесе түтіндеп жатқан темекіні, бық-
сыған күлді жинауға тыйым салынады.
• Сылақтың, бетонның, ұнның немесе күлдің шаңын
жинауға тыйым салынады.
• Үй жануарларының жүнін тазалау үшін шаңсорғышты
пайдаланбаңыз.
• Үй-жайды жинау кезінде киімнің еркін салбырап тұрған
элементтері, шаштар немесе дененің басқа да бөліктері
қылшақтың немесе қондырмалардың ауа тартқыш
тесігінің жанында болмауын қадағалаңыз.
• Баспалдақ алаңдарын жинау кезінде ерекше сақ
болыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents