Philips GC6822 User Manual page 42

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
Қазақша
44
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды
толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын және жылдам бастау
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Өнімге жалпы шолу (1-сурет)
1
Астыңғы табан
2 «Үтік дайын» жарығы
3 Бу шығарғыш/буды күшейту
4 Су жеткізу шлангісі
5 Су ыдысын толтыру есігі
6 Тасымалдау бекітпесін босату түймесі (тек GC6820, GC6830 және GC6840 сериясы)
7 Үтіктің түпқоймасы
8 Қуат қосу және өшіру шамы бар қосу/өшіру түймесі
9 Шамы бар CALC-CLEAN (Қақ тазалау) түймесі
10 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
11 Су жеткізу шлангісі мен ток сымын сақтау бөлімі
12 Зерделі қақ тазалау ыдысы
Philips компаниясының ерекше технологиясы
OptimalTEMP технологиясы
OptimalTemp технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасын реттеусіз және киімдерді
сұрыптаусыз кез келген ретте үтіктеуге мүмкіндік береді.
Ыстық табаны кері үтік түпқоймасына (2-сурет) қоймай тікелей үтіктеу тақтасына қойған дұрыс. Бұл білектегі
қысымды азайтуға көмектеседі.
Compact ProVelocity технологиясы
Бұл технология бүктеліп қалған қыртыстарды жеңіл кетіру үшін терең енетін үздіксіз буды жеткізеді. Дәл сол
уақытта оңай сақтай алу үшін құралды дәстүрлі бу генераторларына қарағанда барынша ықшам және жеңіл күйде
сақтайды.
Қолдануға дайындық
Пайдаланылатын су түрі
Бұл құрылғы құбыр суын пайдалануға арналған. Дегенмен, егер кермек су аумағында тұрсаңыз, қақ тез
жиналуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін дистильденген немесе
минералсыздандырылған суды пайдалану ұсынылады.
Ескерту: хош иісті суды, кептіргіштен алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ түсіру
заттарын, үтіктеу заттарын, химиялық түрде қағы түсірілген суды немесе басқа химикаттарды
пайдаланбаңыз, өйткені олар судың шашырауына, қоңыр дақтарға әкелуі немесе құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
Су ыдысын толтыру
Әр қолданар алдында немесе су ыдысындағы су деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен түскенде су ыдысын
толтырыңыз. Қолдану барысында су ыдысын толтыра аласыз.
1
Су ыдысын толтыру есігін ашыңыз (3-сурет).
2 Су сыйымдылығын MAX (ЕҢ ЖОҒ.) көрсеткішіне дейін сумен толтырыңыз (4-сурет).
3 Су ыдысын толтыру есігін жабыңыз («сырт» еткен дыбыс шығады).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents