Download Print this page

Жұмысқа Дайындық - Hilti TE 60-AVR Original Operating Instructions

Hide thumbs Also See for TE 60-AVR:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
5 Қызмет көрсету
5.1 Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны
тартып шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1.1 Бүйірлік тұтқышты орнату
1. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) босату үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
2. Ұстағышты (тартылмалы таспаны) алдыңғы жақтан құрал бекіткіші арқылы арнайы қарастырылған
гайкаға дейін жылжытыңыз.
3. Бүйірлік тұтқышты қалаулы орынға орналастырыңыз.
4. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) керу үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
5.1.2 Тереңдік шектегішін орнату (қосымша)
1. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) босату үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
2. Тереңдік шектегішін алдыңғы жақтан арнайы қарастырылған 2 бағыттауыш саңылау ішіне
жылжытыңыз.
3. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) керу үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
5.1.3 Қуатты орнату (қосымша)
TE 60-ATC/AVR
1. «Жартылай қуат түймесін» басыңыз. Өнім жартылай қуатқа ауысады.
◁ «Жартылай қуат индикаторы» жанады.
2. «Жартылай қуат түймесін» қайтадан басыңыз. Өнім толық қуатқа ауысады.
◁ «Жартылай қуат индикаторы» өшеді.
Нұсқау
Желілік ашаны розеткаға қосқаннан кейін өнім әрдайым толық қуатқа орнатылып тұрады.
5.1.4 Алмалы-салмалы аспапты ауыстыру
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі Құрал қолдану кезінде қызып кетеді.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
1. Алмалы-салмалы аспап ұшын аздап майлаңыз.
2. Алмалы-салмалы аспапты аспап қысқысына тірелгенше салыңыз.
◁ Өнім жұмысқа дайын.
3. Құрал құлпын шегіне дейін артқа тартыңыз және алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Нұсқау
Тек Hilti компаниясы ұсынған түпнұсқа жағармай қолданыңыз. Жарамсыз майды пайдалану
нәтижесінде өнім зақымдалуы мүмкін.
5.2 Жұмыс істеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Құрама перфоратор басқарудың жоғалуы.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Бекітетін сақина
аспаптағы оған арналған арнайы ойықта орналасқанына көз жеткізіңіз.
3
4
5
6
225

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Te 60-atc/avr