Philips HR2170 User Manual page 72

Hide thumbs Also See for HR2170:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
72
Сүзгідегі ойықтар мен блендер банкісінің ішкі жағындағы қабырғалар сүзгіні дұрыс орнатуға
көмектеседі.
3
Қақпақты жабыңыз.
сүзгіні қолдану
1
Ингредиенттерді қақпақтың аузы арқылы фильтірге салыңыз.
Жеміс-жидектерді кішкене бөліктерге бөліп, соя бұршақтары сияқты құрғақ бұршақ тұқымдас
дәндерді сүзгіге салмас бұрын суға салып жібітіп алыңыз.
2
Су немесе басқа сұйықтық қосыңыз.
3
Өлшеуіш ыдысты қақпаққа орнатып, бақылау тұтқасын ең жоғарғы жылдамдыққа қойып,
құрылғыны ең көп дегенде 40 секундтай жұмыс жасатыңыз.
4
Бақылау тұтқасын 0 күйіне қойып, блендер банкісін электр қозғалтқыш блогынан
ажыратыңыз.
5
Блендер банкісінің шүмегінен сусынды құйып алыңыз (Cурет 9).
Қақпақтың жабық екеніне, әрі өлшеуіш ыдыстың қақпақта орнатылғандығын тексеріңіз. Бұл
сусынның ішіне дәнектердің және қабықтардың түсіп кетуінен сақтайды.
6
Нәтижені тиімді ету үшін қалған ингредиенттері бар банкіні құрылғыға қайта қойып,
қақпағын ашпастан, оны тағы бірнеше секунд қосып қойыңыз.
7
Қалған сусынды құйып алыңыз.
8
Егер сіз өңдеп болсаңыз, бақылау тұтқасын 0 күйіне қойып, құрылғыны ток көзінен
суырыңыз.
кеңестер
-
Егер сіз көп мөлшерді шайқап жатқан болсаңыз, барлық ингредиенттерді фильтірге бірден
салмауыңызға кеңес береміз. Шамалы мөлшерден бастап, құралды бірнеше секунд бойы
жұмыс жасатыңыз. Содан соң құралды сөндіріп, келесі кішкене мөлшерін салыңыз. Осы
процедураны барлық ингредиенттерді шайқап болғанша қолданыңыз. Шайқап жатқанда
блендер банкісінің қақпағы жабулы болуы тиіс.
-
Жеміс шырынын немесе коктейль жасағанда, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 150 г
жеміске шамамен 300 мл су қосыңыз. Басқа да сұйықтықтарды, мысалы, коктейльдер
жасағанда пайдалануға болады.
-
Қызанақ шырынын жасау үшін, қызанақты төртке бөліп, айналып жатқан пышақтың үстіне
қақпақтың аузынан салыңыз.
Ұнтақтағыш (тек HR2168/HR2167/HR2161 түрлерінде бар)
Бұрыш дәндері, күнжіт тұқымдары, күріш, астық түйірі кокос жұмсағы, жаңғақтар (қабығымен),
кофе дәндері, құрғатылған соя бұршақтары, құрғатылған бұршақ, сыр, нан қатқылары, т.б. сияқты
ингредиенттерді майдалау және ұсақтау үшін диірменді пайдалануға болады.
Қалампыр, жұлдызды бәден және бәден дәнектерін әрдайым басқа ингредиенттермен бірге
шайқаңыз. Егер оларды бөлек шайқасаңыз, олар құралдың пластик материалдарына зақым
келтіруіі мүмкін.
Ұсатқыш өте қатты ингредиенттер үшін жарамайды, мысалы мускатты жаңғақ немесе мұз
кесектері.
Ұсатқыш ыдысында көрсетілген максимум деңгейінен аспаңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hr2168Hr2167Hr2161Hr2160

Table of Contents