Bosch GCD 12 JL Original Instructions Manual page 164

Hide thumbs Also See for GCD 12 JL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
OBJ_BUCH-1938-001.book Page 164 Wednesday, May 29, 2013 1:42 PM
164 | Қaзақша
Шаңды/жоңқаларды шығару (H суретін қарау)
Қорғасын бояу, минералдар және металлдар бар кейбір
материалдардың шаңдары денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі метал шаңдары, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалар жағдайында, қаупті
болып табылады. Асбестік материал тек қана
мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Аралау дискісі 31 шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары аралау үстелі 25 тесігіне түскенде блоктанады.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Жоңқа жылжымалы жәшігін 24 тартып шығарып оны
толық босатыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Пайдаланушы күйі (I суретін қараңыз)
 Электр құралы алдына аралау дискісімен бір
сызыққа тұрмай, әрдайым аралау дискісінен шетте
тұрыңыз. Осылай денеңіз мүмкін кері соққыдан
сақталады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау
дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Қосу (J суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 17 басып ұстап
тұрыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 17
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Бекіту тұтқышын 1 басып манипуляторды төмен
жылжытыңыз.
– Сол үшін аралау үшін қосымша қосқыш/өшіргішті тарту
үшін бекіту тұтқышын 1 басу керек.
Бір қалыпты жұмыс бастау
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын
шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 17 жіберіңіз.
1 609 92A 08W | (29.5.13)
Аралау
– Дайындаманы өлшемдерге сәй ретте қысыңыз.
– Керекті қисату бұрышын орнатыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бекіту тұтқышын 1 басып манипуляторды тұтқасынан
16 ұстап жай төмен басыңыз.
– Дайындаманы бір қалыпты жылжытып аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп аралау дискісі толық
тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді
пайдаланудан соң электр құралының параметрлерін
тексеріп керек болса реттеу керек.
Ол үшін тәжирібе мен тиісті арнайы аспаптар керек
болады.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам
және сенімді ретте орындайды.
Лазерді реттеу
Ескертпе: Лазер функциясын тексеру үшін электр
құралын тоққа қосу керек.
 Лазерді реттеу кезінде (мысалы, манипуляторды
жылжытуда) ешқашан қосқыш/өшіргішті
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Тексеріңіз: (K1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тікелей кесік сызығын сызыңыз.
– Бекіту тұтқышын 1 басып манипуляторды тұтқасынан
16 ұстап жай төмен басыңыз.
– Дайындаманы аралау дискісінің тістері кесік
сызығымен бір сызықта болатын етіп бағыттаңыз.
– Дайндаманы осы күйде ұстап манипуляторды жай қайта
жоғарыға бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен 19 қосыңыз.
Лазер сәулесі кесік сызығының бүтін ұзындығында
дайындама үстінде болуы керек, манипулятор төмен
бағытталса да.
Реттеу: (K2 суретін қараңыз)
– Реттеу бұрандасын 35 жинақтағы крест тәрізді
бұрауышпен 12 лазер сәулесі бүтін ұзындығында кесік
сызығына параллельді болуына болғаныша бұраңыз.
Сағат тіліне қарсы бір айналым лазер сәулесін оңдан солға
жылжытады.
Бұрыш индикаторын бағыттау (L суретін қараңыз)
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Бұрыш панелінің 6 қысқыш тұтқасын 13 босатыңыз.
– Бұрыш панелін 6 тірелгенше 0° күйіне келтіріңіз.
Тексеріңіз:
– Бұрышты калибрді 90° реттеп бұрышты панель 6 мен
аралау дискісі 31 арасында аралау үстеліне 25
орнатыңыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents