LG HB-2051BCJ Instructions Manual page 153

Hide thumbs Also See for HB-2051BCJ:
Table of Contents

Advertisement

Төмендегілерді есте ұстаудың маңызы зор!
• Бұйымды әсіресе ол ыстық болған кезде,
балалардың қол жетпейтін жерде ұстаңыз.
Басқару тақтасындағы түймешіктер кездейсоқ
басылып кетсе, Наубайхананың жұмыс барысы
бұзылуы мүмкін.
• Бұйымның қалыпты желдетілуін қамтамасыз
ету үшін және оның асқын қызып кетуіне жол
бермес үшін оны қабырғадан кем дегенде 10 см
жерде орналастыру керек.
• Жұмыс істеп тұрған бұйымды сүлгімен немесе
майлық орамалмен жаппаңыз – бұл бу шығуына
кедергі жасап, Наубайхананың қаптамасының
бүлінуіне әкеледі.
• Наубайхана жұмыс істеп тұрғанда, нан пісіргіш
қалыпты алмаңыз және оған қолыңызды
тықпаңыз. Бұл сияқты әрекеттерді жасау
қажет болған жағдайда, бұйымның жұмыс
бағдарламасын өшіру үшін әуелі CTOП (тоқтату)
түймешігін басыңыз.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымды желіден
ажыратыңыз да, әбден суығанша күтіңіз,
содан кейін барлық қоқымды, ұнның қалдығын
және басқа кір-қоқысты дымқыл ысқышпен
немесе шүберекпен сүртіп алыңыз. Жабысып
үлгермеген құрғақ қоқым сондай-ақ шағын
шаңсорғышпен жақсы кетіріледі.
• Осы Наубайхана салмағы 700 грамнан аспайтын
бөлке нанды пісіруге арналған.
• Салынатын азық-түлікті ұсынылған мөлшерінен
асырмаңыз.
• Бұл талапты бұзған жағдайда, қамыр
нашар иеленеді де, тиісті түрде п іспей
қалады.Сонымен қатар бұл Наубайхананың
механизмінің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
• Нан пісіруге арналған қалыпқа салуға болатын
ұнның ең үлкен мөлшері 3 өлшем тостағынан
аспауға тиіс екенін ұмытпаңыз. Қамырды
дайындау үшін салынатын ұнның ең үлкен шекті
мөлшері 3,5 өлшем тостағымен шектеледі.
• Нан пісіруге арналған қалыпты қолданған
кезде абай болыңыз. Қалып Наубайхананың
қаптамасынан тек тігінен жоғары қарай
тұтқасынан ұстап салынуға тиіс Алған
кезде қалыпты аударып-төңкермеңіз және
шайқамаңыз. Егер қалып бүлінген немесе
майысқан болса, температура бергіштердің
жұмысы бұзылуы мүмкін. Ыстық қалыппен жұмыс
істеген кезде міндетті түрде ас-үй қолғабын
пайдаланыңыз.
KZ
153

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents