Жуғыш Зат Пен Ыдыс Жуу Машинасын Қолдану - Hotpoint Ariston LSFF 7M09 Operating Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Жуғыш зат пен ыдыс жуу
машинасын қолдану
Жуғыш затты өлшеу
KZ
Жақсы жуу нәтижелері жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады. Белгіленген
мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін арттырмайды
және қоршаған ортаны көбірек ластауға әкеледі.
Мөлшерін ластану деңгейіне сәйкес реттеуге болады.
Орташа ластанған заттар үшін шамамен 25 г (ұнтақ
жуғыш зат) немесе 25 мл (сұйық жуғыш зат) қолданыңыз.
Таблеткалар қолданылса, біреуі жеткілікті.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш
заттың мөлшерін азайтыңыз.
Жуу нәтижесі жақсы болуы үшін жуғыш зат қорабындағы
нұсқауларды да орындаңыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жуғыш зат өндірушілеріне
хабарласыңыз.
D түймесінің көмегімен жуғыш зат диспенсерін ашып,
Жуу циклдарының кестесіне сәйкес жуғыш зат мөлшерін
анықтаңыз:
Бөліктің шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып, С
қақпағы «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
Жуғыш зат тартпасы жуу циклына сәйкес тиісті уақытта
автоматты түрде ашылады.
Әмбебап жуғыш заттар қолданылса, TABS опциясын
пайдаланған жөн, себебі ол циклды әрдайым ең жақсы жуу
және кептіру нәтижелеріне қол жеткізетіндей реттейді.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
Қ о л м е н ы д ы с ж у у ғ а а р н а л ғ а н с ұ й ы қ т ы қ т ы
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда
құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін.
Ең жоғары жуу және кептіру нәтижелеріне қол жеткізу
үшін, жуғыш затты, шаюға көмекші сұйықтықты және
тазаланған тұзды бірге қолдану қажет.
Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш
заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер
қоршаған ортаға зиянды.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
38
• ұнтақ немесе сұйықтық: A (жууға
арналған жуғыш зат) және B
(алдын ала жууға арналған жуғыш
зат) бөліктері
• таблеткалар: циклға 1 таблетка
қажет кезде, оны А бөлігіне салып
С қақпағын жабыңыз; 2 таблетка
қажет болса, екінші таблетканы
құрылғының түбіне салыңыз.
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
3. Есікті ашып жуғыш заттың қолайлы мөлшерін құйыңыз
(«Жуғыш затты өлшеу» бөлімін қараңыз.)
4. Тартпаларды жүктеңіз («Тартпаларды жүктеу» бөлімін
қараңыз) , одан кейін есікті жабыңыз.
5. P түймесін басу арқылы ыдыс-аяқ түрі мен оның ластану
дәрежесіне сәйкес жуу циклын таңдаңыз (Жуу циклдарының
кестесін қараңыз) .
6. Жуу опцияларын таңдаңыз* (Опцияларды қараңыз).
7. Циклды бастау үшін Бастау/тоқтата тұру түймесін басыңыз
(шам жанып тұрады): ұзақ сигнал жуу циклы басталғанын
білдіреді, циклдың индикаторы жанады және дисплейде цикл
нөмірі мен циклдың аяқталуына қалған уақыт көрсетіледі.
8. Екі қысқа сигнал мен бір ұзақ сигнал жуу циклының
аяқталғанын білдіреді, Бастау/тоқтата тұру түймесі өшеді
және дисплейде СОҢЫ сөзі көрсетіледі. ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз.
9. Ыдыс-аяқты бірнеше минуттан кейін ғана алыңыз күйіп
қалмау үшін. Тартпаларды төменнен бастап босатыңыз.
Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы ұзақ
белсенсіздік кездерінде автоматты түрде өшеді.
АВТОМАТТЫ ЖУУ ЦИКЛДАРЫ
машиналары ластану деңгейін анықтап, ең тиімді әрі үнемді
жуу циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін
арнайы датчикпен жабдықталған. Датчиктің жұмысына
байланысты авто жуу циклдарының ұзақтығы әртүрлі болуы
мүмкін.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:
жуу циклын өзгерту үшін, жуу циклы басталғаннан кейін
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұру арқылы құрылғыны
өшіріңіз. Сол түйменің көмегімен оны қайтадан қосып, қажетті
жуу циклы мен опцияларды таңдаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Қосу/тоқтата тұру түймесін басып, шыққан буға тимеуге
тырысып есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу
машинасының ішіне қойыңыз. Бастау/тоқтата тұру түймесін
басыңыз: Ұзақ сигнал берілгеннен кейін цикл қайтадан
басталады.
Кешіктіріп бастау орнатылған болса, кері санақтың
соңында жуу циклы басталады. Ол Тоқтап тұру режимінде
қалады.
Құрылғыны тоқтатып қою үшін Бастап/тоқтата тұру; жуу
циклы тоқтайды.
Бұл кезде жуу циклын өзгерту мүмкін емес.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.
*
:кейбір ыдыс жуу

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents