Makita UR101C Instruction Manual page 58

Battery powered grass trimmer
Hide thumbs Also See for UR101C:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

10. Жаңбырдың астында немесе ылғалды
жағдайда портативті қуат беру блогының
розеткасына ашаны жалғамаңыз және одан
ажыратпаңыз. Құралды және портативті
қуат беру блогын жаңбыр астында немесе
дымқыл не ылғалды жерде қалдырмаңыз,
пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Бұлай
істеу ток соғуға әкелуі мүмкін.
Портативті қуат беру блогынан немесе
11.
зарядтау құрылғысынан аккумуляторды
алғаннан кейін оған аккумулятор қақпағын
тіркеп, құрғақ жерде сақтаңыз.
12. Егер аккумулятор картриджіне су кіріп кетсе,
ішіндегі суды төгіп, құрғақ шүберекпен
сүртіңіз. Пайдалану алдында аккумулятор
картриджін құрғақ жерде толық кептіріңіз.
Қолданысқа енгізу
Құралды жинамас немесе реттемес бұрын,
1.
құралдан портативті қуат беру блогын
ажыратыңыз.
2.
Кескіш жүзді пайдалану алдында қорғаныс
қолғабын киіңіз.
3.
Құралға портативті қуат беру блогын
қоспас бұрын, құралда зақымдардың, бос
бұрандалардың/сомындардың бар-жоғын
немесе оның дұрыс жиналғанын тексеріңіз.
Өтпейтін кескіш жүзді қайраңыз. Кескіш жүз
майысқан немесе зақымдалған болса, оны
ауыстырыңыз. Барлық басқару тетіктері
мен ауыстырып-қосқыштардың еркін
қозғалып тұрғанын тексеріңіз. Тұтқаларды
тазалап, кептіріңіз.
Егер құрал зақымдалған немесе толық
4.
жиналмаған болса, оны ешқашан қосуға
тырыспаңыз. Әйтпесе ауыр жарақат алуыңыз
мүмкін.
5.
Оператордың дене өлшеміне сай келетіндей
етіп иық белбеуі мен қол тұтқасын реттеңіз.
6.
Құралға портативті қуат беру блогын қосқан
кезде, кескіш қондырманы денеңізге және
жермен қоса, басқа затқа жақындатпаңыз.
Ол іске қосылған кезде айналып, жарақат алуға
әкелуі немесе құралға және/немесе мүлікке
зақым келтіруі мүмкін.
Құралды қоспас бұрын, реттегіш немесе
7.
сомынды бұрайтын кілтті немесе жүз
қақпағын алып тастаңыз. Құралдың
айналмалы бөлігінде керек-жарақ бекітулі
қалса, жарақаттауы мүмкін.
8.
Кесу құралы сақтандырғышпен
жабдықталуы керек. Құралды ешқашан
зақымдалған сақтандырғыштармен немесе
сақтандырғыштарсыз іске қоспаңыз!
9.
Құралды пайдаланған кезде, зақымдалуы
қауіп тудыруы мүмкін электрлік
кабелдердің, су, газ құбырларының т.б. жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
Пайдалану
1.
Төтенше жағдайда құралды дереу өшіріңіз.
2.
Егер сіз жұмыс кезінде қалыпты емес
жағдайды (мысалы, шу, діріл) сезсеңіз,
құралды өшіріп, құралдан портативті қуат
беру блогын ажыратыңыз. Бұның себебі
анықталып, шешілмейінше құралды
пайдаланбаңыз.
3.
Құралды өшіргеннен кейін, кесу
қондырмасы қысқа уақытқа айналуын
жалғастырады. Кесу қондырмасын ұстауға
асықпаңыз.
4.
Жұмыс кезінде иық белбеуін
пайдаланыңыз. Құралды оң жағыңызбен
мықтап ұстаңыз.
5.
Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Шалынып қалмау үшін ағаш
томарлары, тамырлары және арықтар
секілді жасырын кедергілердің бар-жоғын
қадағалаңыз.
6.
Беткейлерде әрдайым тұрақты
тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.
Жүгірмей, жай жүріп қолданыңыз .
7.
8.
Басқаруды жоғалтпас үшін ешқашан
баспалдақ немесе ағаш үстінде жұмыс
істемеңіз.
9.
Егер құрал қатты соғылып немесе
құлап қалса, жұмысты жалғастырмас
бұрын жағдайын тексеріңіз. Басқару
элементтерінде және қауіпсіздік
құрылғыларында ақаулықтың бар-жоғын
тексеріңіз. Егер қандай да бір зақым
немесе күмән пайда болса, тексеруге және
жөндеу жұмысына байланысты біздің
өкілетті қызмет көрсету орталығымызға
хабарласыңыз.
10. Беріліс қорабын жұмыс кезінде және
жұмысты аяқтағаннан кейін бірден ұстауға
болмайды. Себебі беріліс қорабы жұмыс
кезінде қызып кетіп, күйік шалуға себеп болуы
мүмкін.
11.
Шаршауға байланысты басқаруды
жоғалтуға жол бермеу үшін демалыңыз. Әр
сағат сайын 10-20 минут демалған жөн.
12. Құралды қалдырған кезде, қысқа уақытқа
болса да, құралдан портативті қуат беру
блогын әрдайым ажыратыңыз. Қараусыз
қалған аккумулятор картриджі орнатылған
құралды рұқсаты жоқ адам пайдаланып, ауыр
жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.
13. Егер кескіш қондырма мен
сақтандырғыштың арасында шөп немесе
бұтақтар тұрып қалса, әрдайым құралды
өшіріп, құралдан портативті қуат беру
блогын ажыратыңыз. Әйтпесе кескіш
қондырма абайсызда айналып, ауыр жарақат
алуға себеп болуы мүмкін.
14. Қозғалмалы қауіпті бөлшектерді олар толық
тоқтамайынша және құралдан портативті
қуат беру блогы ажыратылмайынша
ешқашан ұстамаңыз.
58 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ur201c

Table of Contents