Makita UR101C Instruction Manual page 57

Battery powered grass trimmer
Hide thumbs Also See for UR101C:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Жалпы нұсқаулар
1.
Бұл құралды физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жетіспейтін (соның ішінде
балалардың), осы нұсқауларды оқымаған
адамдардың пайдалануына ешқашан рұқсат
бермеңіз. Балалардың құралмен ойнамауын
қадағалау керек.
Құралды іске қосу алдында, оның
2.
пайдалану жолын білу үшін пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыңыз.
3.
Бұтақ кескіштер мен электр шалғыларды
пайдалану бойынша тәжірибесі немесе
білімі жеткіліксіз тұлғаға құралды жалға
бермеңіз.
Құралды жалға берген кезде, әрқашан осы
4.
пайдалану нұсқаулығын бірге беріңіз.
5.
Құралды барынша мұқият әрі абайлап
пайдаланыңыз.
6.
Құралды ешқашан ішімдік пен есірткі
қолданғаннан кейін, шаршап немесе ауырып
тұрған кезде пайдаланбаңыз.
7.
Құралды өзгертуге тырыспаңыз.
8.
Еліңіздегі бұтақ кескіштер мен электр
шалғыларды пайдалану жөніндегі
ережелерді орындаңыз.
Жеке қорғаныс жабдығы
► Сурет1
Ұшатын қоқыстар мен құлайтын заттардан
1.
қорғану үшін, қорғаныш касканы, қорғаныс
көзілдірігін және қорғаныс қолғабын киіңіз.
2.
Есту қабілетінің жоғалу қаупін азайту үшін
құлаққап секілді құлақ қорғанысын киіңіз.
3.
Қауіпсіз түрде жұмыс жасау үшін жұмыс
киімі мен табаны тайғанамайтын берік аяқ
киім секілді тиісті аяқ киімді киіңіз. Кең киім
кимеңіз және әшекей тақпаңыз. Кең киім,
әшекейлер немесе ұзын шаш қозғалмалы
бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
Кескіш жүзді ұстаған кезде, қорғаныс
4.
қолғабын киіңіз. Кескіш жүздері жалаң
қолдарды қатты кесіп кетуі мүмкін.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
Құралмен тек жақсы көрінетін және күндізгі
1.
жарық жағдайларында жұмыс істеңіз.
Құралды қараңғыда немесе тұман кезінде
пайдалануға болмайды.
2.
Құралды айналасында тез тұтанатын
сұйықтық, газ немесе шаң сияқты заттардан
тұратын жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз. Құрал шаңды немесе газды
тұтандыратын ұшқындар шығарады.
3.
Жұмыс кезінде ешқашан тұрақсыз, тайғақ
бетте немесе құлама беткейде тұрмаңыз.
Қыс мезгілінде мұз бен қардан сақтаныңыз
және әрқашан тұрған жеріңіздің қауіпсіз
екеніне көз жеткізіңіз.
4.
Жұмыс кезінде айналаңыздағы адамдардың
немесе жануарлардың құралдан кемінде 15
м қашықтықта тұруын қадағалаңыз. Біреу
жақындаған кезде құралды тоқтатыңыз.
5.
Адамдар, әсіресе балалар немесе
жануарлар жаныңызда болған кезде
ешқашан құралмен жұмыс істемеңіз.
6.
Жұмыс алдында, жұмыс аймағын тастар
немесе басқа қатты заттардың бар-жоғын
тексеріңіз. Олар ұшып кетіп немесе қауіпті кері
соққыға себеп болып, ауыр жарақатқа және/
немесе мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
7.
ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді пайдаланған кезде,
құрамында тыныс алу жолдарының немесе
басқа аурулардың пайда болуына әкелуі
мүмкін химиялық заттар бар шаң туындауы
мүмкін. Осы химиялық қосылыстардың
бірнеше мысалдары пестицидтерде,
жәндікжойғыларда, тыңайтқыштар мен
шөпжойғылардың құрамында барп.
Осы әсерлердің қаупі бұл жұмыс түрін
қаншалықты жиі жасайтыныңызға
байланысты өзгереді. Осы химиялық
заттардың әсерін азайту үшін: жақсылап
желдетілген аймақта, микроскопиялық
бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы жасалған
шаңнан қорғайтын маска сияқты бекітілген
қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдаланып жұмыс істеңіз.
Электрлік және аккумулятор қауіпсіздігі
1.
Құралды жаңбыр астына немесе ылғалды
жерлерге қоймаңыз. Құралға су кіретін болса,
ток соғу қаупі артады.
Ауыстырып-қосқышы құралды қосып,
2.
өшірмесе, құралды пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқышы ақаулы кез келген құрал
қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
3.
Кездейсоқ іске қосылуды болдырмаңыз.
Құралды жинау немесе тасымалдау
алдында ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде
екеніне көз жеткізіңіз. Саусақ құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы құралды қуат көзіне қосу жазатайым
оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
4.
Аккумулятор(лар)ды отқа тастамаңыз.
Элементі жарылуы мүмкін. Кәдеге жарату
бойынша арнайы ықтимал нұсқауларды
жергілікті нормалардан қараңыз.
Аккумулятор(лар)ды ашпаңыз немесе
5.
бүлдірмеңіз. Құрамындағы электролит өте
улы және көз немесе теріні зақымдауы мүмкін.
Жұтып қойған жағдайда улы болуы мүмкін.
6.
Аккумуляторды жаңбыр астында немесе
ылғалды жерлерде зарядтамаңыз.
Аккумуляторды су қолмен ауыстырмаңыз.
7.
8.
Аккумуляторды жаңбыр астында ауыстырмаңыз.
9.
Аккумулятор клеммасын су секілді
сұйықтыққа салмаңыз немесе
аккумуляторды батырмаңыз.
Аккумуляторды жаңбыр астында
қалдырмаңыз, ылғалды немесе дымқыл
жерде зарядтамаңыз, пайдаланбаңыз
немесе сақтамаңыз. Егер клеммасына
су тисе немесе аккумулятор ішіне су кіріп
кетсе, аккумулятор қысқа тұйықталуы мүмкін
және қызып кету, өрт немесе жарылыс қаупі
туындауы мүмкін.
57 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ur201c

Table of Contents