Makita UR101C Instruction Manual page 54

Battery powered grass trimmer
Hide thumbs Also See for UR101C:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ЕСКЕРТУ:
Электрлік құралды іс жүзінде пайдалану кезіндегі дірілдің мәні құралдың пайдалану
әдісіне, әсіресе қандай дайындама өңделгеніне байланысты жарияланған мән(дер)інен өзгеше
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Іс жүзінде пайдалану кезіндегі әсерді бағалау негізінде операторды қорғау үшін
қауіпсіздік шараларын анықтаңыз (құралдың өшірілген уақыты және бос жүріс уақытын қоса
алғанда, іске қосылу уақыты сияқты барлық жұмыс циклдерін ескеру керек).
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер
көрсетілген. Пайдалану алдында олардың
мағынасын түсініп алыңыз.
Өте мұқият әрі абай болыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Кемінде 15 м қашықтықты сақтаңыз.
15m(50
)
FT
Қауіп; қатты заттар жан-жаққа ұшуы
мүмкін.
Сақ болыңыз; кері соққы
Каска, көзілдірік және қорғаныс
құлаққабын киіңіз.
Қорғаныс қолғабын киіңіз.
Табаны тайғанамайтын берік етік киіңіз.
Болат тұмсықты сақтандырғыш етікті
киген жөн.
Тек ЕО елдеріне арналған
Ni-MH
Жабдықта қауіпті құрамдастардың
Li-ion
болуына байланысты, электрлік
және электрондық жабдықтардың,
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Электрлік және электрондық
құрылғыларды немесе батареяларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайды!
Электрлік және электрондық
жабдықтардың қалдықтары және
аккумуляторлар мен батареялар және
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық
заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық
директиваға сәйкес, электрлік
жабдықтардың, батареялардың және
аккумуляторлардың қалдықтары бөлек
жиналуы және қоршаған ортаны қорғау
ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін
тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне
жеткізілуі керек.
Бұл жабдыққа орналастырылған айқас
сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі.
Кепілдік берілетін дыбыс қысымының
деңгейі ЕО сыртқы шуыл бойынша
директивасына сәйкес келеді.
Дыбыс қуатының деңгейі Австралияның
NSW шуылды басқару туралы ережесіне
сәйкес келеді
EС сәйкестік декларациясы
Тек Еуропа елдеріне арналған
ЕС сәйкестік декларациясы осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың А қосымшасы ретінде қосылған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Электрлік құралдың жалпы
қауіпсіздік ескертулері
ЕСКЕРТУ:
Осы электрлік құралмен
бірге берілген қауіпсіздік ескертулерін,
нұсқауларды, суреттерді және техникалық
сипаттамаларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген барлық нұсқауды орындамаған жағдайда,
электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе
ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электрлік құрал" термині қуат
көзінен жұмыс істейтін (сымды) электрлік құралды
немесе аккумулятормен жұмыс істейтін (сымсыз)
электрлік құралды білдіреді.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
1.
Лас немесе қараңғы аймақтарда жазатайым
оқиғалар туындауы мүмкін.
2.
Электрлік құралды айналасында тез
тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң
сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі
бар орталарда пайдаланбаңыз. Электрлік
құралдар шаң немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындарын шығарады.
3.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
балалар және бөгде адамдар алшақ жүруі
керек. Басқа нәрсеге алаңдасаңыз, құралға ие
бола алмай қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
1.
Электрлік құралдың ашасы розеткаға
сәйкес келуі керек. Ашаны ешбір жағдайда
өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын жерге
тұйықталған электрлік құралдармен
пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен
сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
54 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ur201c

Table of Contents