Құрылғылардың Сипаты; Қауіпсіздік Шаралары; Жалпы Ережелер - Viking ME 545 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for ME 545:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 31
Суреттерде Еуропа үшін жасалғандары
көрсетілген, құрылғыны басқа айырмен
қосу дəл осылай жүзеге асырылады.
3. Құрылғылардың сипаты
1 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
2 Айналмалы тұтқа
3 Зауыттық тақтайша
4 Электр қозғалтқыштың капоты
5 Ауыстыруға арналған тұтқа
6 Қапталдың қорғаныс белдемесі
7 Кесік биіктігінің индикаторы
8 Орталық кесік биіктігін орнату
9 Бас тұтқаның биіктігін реттеу
айналмалы тұтқасы
10 Шөп жинағыш
11 Корпустың жоғарғы бөлігі
12 Лақтырманың қақпағы
13 Шөпжинағышты толтыру
индикаторы
14 Қозғалтқышты тоқтату тұтқасы
15 Қосу түймешігі
16 Vario жетегінің иінтірегі (ME 545 V)
17 Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқасы (ME 545 V)
18 Желілік қосылым
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
0478 121 9909 H - KK
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
оқуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
1
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару тұтқышымен жəне құрылғыны
пайдалану ережелерімен танысыңыз.
Ұсатқышты тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне аспапты
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданар алдында пайдаланушы
тəжірибелі маманға жүгіну керек.
Сатушы мен басқа маман
пайдаланушыға құрылғыны қауіпсіз
пайдалану ережелерін айтуы тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дəрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің əсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Балалар, дене, сезу не ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдарға немесе
нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады.
Балалар мен 16 жасқа толмаған
жасөспірімдерге құрылғыны
пайдалануға рұқсат бермеңіз. Жергілікті
заңнама пайдаланушының ең төмен
жасын белгілеуі мүмкін.
Құрылғы тұрмыстық мақсаттарға
арналған.
Назар аударыңыз: жазатайым
уақиғаның қаупі бар!
Құрылғы тек шөп кесуге арналған. Оны
басқа мақсатта қолдануға болмайды,
себебі бұл адам үшін қауіпті жəне
жабдық үшін зиянды болуы мүмкін.
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты құрылғыны
келесі жұмыстар үшін қолдануға
болмайды (тізбесі толық емес):
– өсіп жатқан ағаш шарбақтар, бұта
мен ағаштарды бұтау үшін,
– шырмалағыш өсімдіктерді бұтау
үшін,
451

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Me 545 cMe 545 v

Table of Contents