Қолданысқа Дайындау; Жалпы Ережелер; Бас Тұтқаны Монтаждау; Шоғырсымды Ұстаушыны Монтаждау - Viking ME 545 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for ME 545:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 31
7. Қолданысқа дайындау
7.1 Жалпы ережелер
Жарақат алу қаупі бар
«Қауіпсіздік шаралары»
бөліміндегі қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын
ұстаныңыз. (
4.)
● Барлық сипатталған жұмыстарды
орындаған кезде шапқыш: жатық,
тегіс жəне берік қабатта тұруы керек.
7.2 Бас тұтқаны монтаждау
Бас тұтқа төлкелерін бекіту:
● Бас тұтқа төлкелерін (I) бас
тұтқаға (1) бекітіңіз. Төрт қырлы
саңылауды бас тұтқаның ішкі жағына
орналастырыңыз, бас тұтқадағы
тесіктер мен бас тұтқа төлкесінің
ішіндегі төрт қырлы саңылау сəйкес
келуі керек.
Бос тұтқаны монтаждау:
● Бас тұтқаны (1) екі бас тұтқаның
төменгі бөлігіне (2) орналастырыңыз.
● Дөңгелек жалпақ басты
бұрандаларды (G) тесіктер арқылы
ішінен сыртқа қарай енгізіп,
шайбалармен (J – ME 545 үшін) жəне
айналмалы тұтқалармен (H) бұрап
бекітіңіз.
458
1 Оң жақта кабельді майысудан
қорғауды монтаждау:
Кабельді майысудан қорғауды (F)
суретте көрсетілгендей
монтаждаңыз. Кабельді (3) бас
тұтқаның астынан өткізу керек.
Қажет болса, монтаждау
алдында айналмалы тұтқаны (H)
босатыңыз.
● Кабельді (3) кабельді майысудан
қорғау (F) ішіне енгізіңіз.
● Кабельді майысудан қорғау құралын
алдымен бас тұтқаның төменгі
бөлігінің тесігіне (4) кигізіңіз.
● Содан кейін кабельді майысудан
қорғау құралын бас тұтқаның төменгі
бөлігінің ойығына (5) өткізіңіз.
3
2 Кабельді майысудан қорғау
құралын сол жақта монтаждау
(ME 545 V):
● Кабельді майысудан қорғау
құралын (F) оң жақта монтаждау дəл
сол жақтағыдай ретпен орындалады.
Жетек арқанын (6) кабельді
майысудан қорғау құралының ішіне
салып, бас тұтқаның астынан өткізу
керек.
7.3 Шоғырсымды ұстаушыны
монтаждау
ME 545 C, ME 545 V:
● Шоғырсымды ұстаушыларды (E)
корпустағы (1) ойықтарға əркез солға
жəне оңға салып, бас тұтқаның
жоғарғы бөлігіне қарай бұраңыз.
● Кабель не жетек арқанын
шоғырсымды ұстаушыға енгізіңіз.
● Шоғырсымды ұстаушыны сəл басып
екі арнайы тесікке кіргізіңіз.
ME 545:
Ток соғу қаупі бар!
Иінтіректің оқшауланған
қабатына нұқсан келмес үшін,
кабель қысқыштарын тек қолмен
басу керек жəне ешқандай құрал-
сайман (мысалы, балға,
бұрағыш) қолдануға болмайды.
● Кабель қысқыштарын (K) бас
тұтқаның жоғарғы бөлігіне басып
енгізіңіз. Жоғарғы кабель қысқышы
мен қосқыш арасындағы қашықтық:
25 - 27 см
● Кабельді суретте көрсетілгендей
кабель қысқыштарына енгізіңіз.
Қапсырманы (2) жауып бекітіңіз.
7.4 Шөп жинағышты монтаждау
● Шөп жинағыштың жоғарғы
жағын (C) шөп жинағыштың
төменгі жағына (B) іліңіз.
● Болттарды (D) қарастырылған
тесіктер арқылы ішінен итеріңіз.
● Шөп жинағыштың жоғарғы жағын сəл
басу арқылы шөп жинағыштың
төменгі жағындағы ойығына кіргізіңіз.
● Шөп жинағышты іліңіз. (
4
8. Басқару элементтері
8.1 Жалпы ережелер
Жарақат алу қаупі бар
«Қауіпсіздік шаралары»
бөліміндегі қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын
ұстаныңыз. (
5
8.5)
4.)
0478 121 9909 H - KK

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Me 545 cMe 545 v

Table of Contents