Bosch Professional GIC 12V-4-23 C Original Instructions Manual page 270

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 22
270 | Қазақ
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (6), дисплей сөнгенше
басыңыз.
Біраз уақыт бойы тексеру камерасындағы ешқандай түйме басылмаған болса, ол
аккумуляторлардың немесе батареялардың қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде
өшіп қалады. Өшіру уақытын басты мәзірде белгілеуге болады.
Камера бастиегіндегі шамды реттеу
Шамды реттеу үшін солға жылжыту (8) немесе оңға жылжыту (11) түймесін, қажетті
жарықтыққа жеткенше немесе шам өшірілгенше баса беріңіз.
Шамға (3) тікелей қарамаңыз және шамды басқа адамдарға бағыттамаңыз.
u
Шамның жарығы көзді шағылыстыруы мүмкін.
Дисплейдегі кескінді үлкейту/кішірейту (масштабтау)
Дисплей индикаторының үлкейту деңгейін реттеу үшін жоғары жылжыту (7) немесе
төмен жылжыту (10) түймесін, қажетті үлкейту деңгейіне жеткенше баса беріңіз.
Басты мәзір
<Бас мәзір> ішіне кіру үшін ортаңғы түймені (9) басыңыз.
Мәзір бойынша шарлау
– Мәзір арқылы айналдырып өту: жоғары жылжыту (7) немесе төмен
жылжыту (10) түймесін басыңыз.
– Ішкі мәзірге ауысу: ортаңғы түймені (9) немесе оңға жылжыту түймесін (11)
басыңыз.
– Таңдалған мәзір опциясын растау: ортаңғы түймені (9) басыңыз.
– Функцияны виртуалды қосқыш
оңға жылжыту (11) немесе солға жылжыту (8) түймесін басыңыз. Бұл жағдайда
реттеу де сақталады.
– Келесі жоғарырақ мәзірге қайту: қосу/өшіру түймесін (6) қысқаша басыңыз.
– Басты мәзірден шығу және камера индикаторына қайту: қосу/өшіру түймесін (6)
қысқаша басыңыз.
Мәзір опциялары
– <Up Indication>: функцияны қосыңыз немесе өшіріңіз.
Up Indication функциясы қосылып тұрған кезде, бағыт индикаторының (b)
көрсеткісі кескіндегі "жоғарғы жақтың" қай жерде екенін көрсетеді (F суретін
қараңыз).
Нұсқау: айна (27) монтаждалған және/немесе камера кабелі (1) тігінен
тураланған жағдайда, функция шектеулі болады.
1 609 92A 8H6 | (07.03.2023)
арқылы қосу/өшіру: ортаңғы түймені (9),
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents