Bosch Professional GIC 12V-4-23 C Original Instructions Manual page 269

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 22
Камера кабелін бөлшектеу (D суретін қараңыз)
Камера кабелін (1) шығару үшін бекіткішті (24) қысып, ашаны қол
құрылғысынан (13) тартып шығарыңыз.
Айна, магнит немесе ілгекті орнату (E суретін қараңыз)
Айнаны (27), ілгекті (26) немесе магнитті (25) көмекші құрал ретінде камера
бастиегіне (2) монтаждауға болады.
3 көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей, камера бастиегіне (2)
тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау: магнит (25) және ілгек (26) тек бос тұрған, кіші және жеңіл заттарды
жылжыту немесе алып тастау үшін жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда,
тексеру камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.
Пайдалану
Қол құрылғысын және аккумуляторды немесе батарея адаптерін тікелей
u
күн сәулесінен қорғаңыз. Аккумуляторды немесе батарея адаптерін
ылғалдан қорғаңыз. Камера кабелі (1) және камера бастиегі (2) дұрыс
монтаждалған күйде су өткізбейді, қол құрылғысы (13) шашыранды судан
қорғалған. Алайда аккумулятор (14) және батарея адаптері судан қорғалмаған,
оларға су тисе, ток соғу немесе зақым келтіру қаупі туындайды.
Камера бастиегіндегі (2) объектив буланған жағдайда, тексеру камерасын
u
қолданбаңыз. Тексеру камерасын ылғал буға айналып кеткеннен кейін ғана
қосыңыз. Кері жағдайда тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін.
Қосылған шам (3) жұмыс барысында қызып кетуі мүмкін. Күйіп қалмау үшін
u
шамға тимеңіз.
Тексеру камерасына айрықша температура немесе шұғыл температура
u
өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автомобильде ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Үлкен температура өзгерістерінің жағдайында алдымен тексеру
камерасын пайдаланбас бұрын оның температурасын қалпына келтіріңіз.
Қолданысқа енгізу
Қосу/өшіру
Тексеру камерасын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (6) немесе ортаңғы түймені (9)
басыңыз.
Нұсқау: егер құрылғыны қосқан кезде камера кабелі монтаждалмаған болмаса,
дисплейде қате туралы хабар көрсетіледі.
Bosch Power Tools
Қазақ | 269
1 609 92A 8H6 | (07.03.2023)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents