Download Print this page

Stihl RME 235.0 Instruction Manual page 305

Hide thumbs Also See for RME 235.0:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 23
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Дұрыс орналастырылмаған ұзартқыш сым
зақымдалуы және адамдардың сүрініп
қалуына әкелуі мүмкін. Адамдар жарақат
алуы және ұзартқыш сым зақымдалуы
мүмкін.
► Ұзартқыш сымды көгалшапқышқа
тимейтіндей етіп орналастырыңыз.
► Ұзартқыш сымды адамдар
сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз
және белгілеңіз.
► Ұзартқыш сымды керілмейтіндей немесе
оралып қалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
► Ұзартқыш сымды зақымдалмайтындай,
майыспайтындай, қысылмайтындай
немесе тозбайтындай етіп
орналастырыңыз.
► Ұзартқыш сымды қызудан, майдан және
химиялық заттардан қорғаңыз.
► Ұзартқыш сымды құрғақ бетке қойыңыз.
■ Жұмыс барысында ұзартқыш сым қызады.
Жылу сыртқа берілмей, жиналатын болса,
өртке апарып соғуы мүмкін.
► Кабель барабаны пайдаланылса: кабель
барабанын толықтай тарқатып алыңыз.
4.8
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмауы мүмкін.
Пайдаланушы сүрінуі, құлап қалуы және
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
► Жарық пен көру мүмкіндіктері
нашарлаған кезде: көгалшапқышпен
жұмыс жүргізбеңіз.
► Көгалшапқышты бір адам ғана басқаруы
керек.
► Кедергілерден абай болыңыз.
► Көгалшапқышты аудармаңыз.
► Жерде тік тұрып жұмыс істеңіз және
тепе-теңдікті сақтаңыз.
► Егер шаршау белгілері пайда болса:
жұмысты тоқтатып, үзіліс жасаңыз.
► Беткейде шөп шабу кезінде: беткейдің
көлденең бойымен шабыңыз.
► 25°-тан (46,6 %) асатын беткейлерде
жұмыс істеуге болмайды.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушыны кесіп
алуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат
алуы мүмкін.
0478-121-9805-A
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ бөгде затпен
бұғатталып қалса: көгалшапқышты
өшіріп, ұзартқыш сымның
жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік
штекерінен суырып алыңыз.
Содан кейін ғана бөгде затты алып
тастаңыз.
■ Егер жұмыс барысында көгалшапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгалшапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмысты аяқтаңыз, көгалшапқышты
өшіріңіз, ұзартқыш сымның
жалғастырғышын көгалшапқыштың
желілік штекерін суырып алыңыз және
STIHL делдалына жолығыңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қансырау белгілері пайда болса:
дәрігерге жүгініңіз.
■ Егер жұмыс кезінде пышақ бөгде затқа
тисе, пышақ немесе оның бөліктері
зақымдалуы немесе жоғары жылдамдықпен
ұшып шығуы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы және мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмыс аймағынан бөгде заттарды алып
тастаңыз.
■ Берілістерді ауыстыру айыры жіберілген
кезде, пышақ қысқа уақыт ішінде айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, көгалшапқыш қосымша
салмақтың әсерінен аударылуы мүмкін.
қазақ
305

Advertisement

loading