Philips HD9171/00 User Manual page 84

Hide thumbs Also See for HD9171/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
84
Жұмыртқаны бумен пісіргішке салар алдында тесіп алыңыз.
-
Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен
-
пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
Тәтті тағамдар
Тәтті тағамдардың дәмін күшейту үшін, қант қосудың орнына біраз даршын қосыңыз.
-
Жалпы кеңестер
Күріш пісіру үшін сорпа ыдысындағы күрішке су құюыңыз керек. Мөлшерлері туралы
-
ақпаратты жоғарыдағы тамақты бумен пісіру кестесінен қараңыз.
Күріш пісіруді аяқтаған кезде, құралды өшіріп, күрішті араластырыңыз және қақпағын жабулы
-
күйде оны 5 минуттай ыдыста қойыңыз. Бұл жақсырақ нәтиже береді.
Сондай-ақ, сорпа ыдысын сорпа дайындаудан басқа көкөніс тұздықтарын дайындау,
-
балық қайнату, маринадталған етті пісіру және пуддинг, сорпа және күріш пісіру үшін
пайдалана аласыз.
Тамақ бөліктерінің арасына біраз орын қалдырып, тамақты себеттің түбіне тегіс жайыңыз.
-
Бу себеті тым толып тұрса, бумен пісіру уақытының жартысы өткенде, тамақты
-
араластырыңыз.
Аз мөлшердегі тамақ көп мөлшердегі тамаққа қарағанда аз уақытта піседі.
-
Тек бір бу себетін пайдалансаңыз, 2 немесе 3-бу себетін пайдаланғандағыға қарағанда
-
тамақ қысқарақ бумен пісіру уақытын қажет етеді.
Егер бірнеше бу себетін пайдалансаңыз, 5-10 минут артық пісіріңіз.
-
Кіші бу себетіндегі (1) тамақ жоғарыдағы бу себеттеріне қарағанда жылдамырақ дайын
-
болады.
Жеместен бұрын тамақтың дұрыс піскенін тексеріңіз. Бұл әсіресе шошқа еті, тартылған ет
-
және тауық үшін маңызды болып табылады.
Бумен пісіру барысында, тамақ немесе тамақ салынған себеттерді қосуға болады.
-
Ингредиентті пісіруге аздау уақыт кететін болса, кейінірек қосыңыз.
Құрал жылы сақтау режиміне өткен кезде, пісіру процесі шамалы уақыт жалғасады.
-
Егер тамақ жақсылап піскен болса, пісіру процесі аяқталып, құрал жылы сақтау режиміне
өткен соң, тамақты пісіргіштен шығарып алыңыз.
Егер тамақ әлі піспеген болса, ұзағырақ бумен пісіру уақытын орнатыңыз. Бұл жағдайда су
-
ыдысына су қосу керек болуы мүмкін.
Бумен пісіргішті сорпа ыдысындағы дайын сорпаны жылыту үшін пайдалануға болады.
-
250 мл сорпаны ысытуға шамамен 10 минут уақыт кетеді.
Бу шығарушы
Өндіруші: "Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В. " ,
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:
"Филипс" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы,
Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
HD9171: 1350W, 220-240V, 50-60Hz
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd9170Hd9171

Table of Contents