BRAYER BR1121 Instruction Manual page 16

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
30
kz
қаУіПСіЗдіК шараЛарЫ жӘне КоФеқай-
наТқЫшТЫ ПайдаЛанУ БойЫнша
ҰСЫнЫСТар
Кофеқайнатқышты пайдалану алдында пайда-
лануға беру жөніндегі нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз, одан кейін болашақта пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Кофеқайнатқышты осы нұсқаулықта баян-
далғандай оның тікелей мақсаты бойынша ғана
пайдаланыңыз.
• Кофеқайнатқышты дұрыс қолданбау оның
бұзылуына, және пайдаланушыға немесе оның
мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін және
кепілдік жағдайы болып табылмайды.
• Кофеқайнатқыш эспрессо және капучино кофесін
дайындауға, дайын сусындарды жылытуға ар-
налған, кез келген басқа сұйықтықтарды жылытуға
тыйым салынады.
• Заттаңбада көрсетілген кофеқайнатқыштың
жұмыс кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауы ашасының жерге қосу байла-
нысы бар,
• оны жерге қосудың сенімді байланысы бар электр
розеткасына қосыңыз. Қысқа тұйықталу кезінде,
жерге қосуы электр тоғы соққысы қаупін төмен-
детеді.
• Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және
жерге қосылуына сенімді болмасаңыз, электр-ма-
манына жүгініңіз.
• Өрттің шығуын болдырмау үшін жерге қосу бай-
ланысы жоқ электр розеткасына қосуға арналған,
қуаттандыру бауы ашасының «өткізгіштерін»
пайдалануға тыйым салынады.
• Күйік иісі және электр розеткасынан от ұшқыны
пайда болған кезде, розеткадан желі бауының
ашасын суырыңыз және сіздің үйіңіздің электр
желісіне қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз.
• Құрылғы корпусынан түтін шыққан кезде қуат-
тандыру бауының ашасын электр розеткасынан
шығарыңыз және от таралмауға қатысты шара-
ларды қолданыңыз.
• Кофеқайнатқышты 0 °C-тан жоғары температура-
да пайдаланыңыз және сақтаңыз.
• Электр кофеқайнатқышты үй-жайдан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған кофеқайнатқышты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Өрттің шығуын, электр тоғы соққысын немесе
физикалық жарақат алуды болдырмау үшін желі
бауының ашасын, желі бауын немесе кофеқай-
натқыш корпусын суға немесе басқа да сұй-
ықтықтарға батырмаңыз.
• Кофеқайнақышты ас үй раковинасына жақын,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да
су толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
• Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда, дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз.
• Кофеқайнатқышты жылу көздерінің, жылыту ас-
паптарының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Кофеқайнатқышты тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз.
Желі бауының үстелден салбырап тұруына жол
бермеңіз, сонымен бірге оның ыстық беттермен
және жиһаздың өткір жиектерімен жанаспауын
қадағалаңыз.
• Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
• Қуаттандыру бауы мен қуаттандыру бауының аша-
сына сулы қолмен тиісуге тыйым салынады.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін кофеқайнатқыш
бөлшектері мен жабдықтарын ғана пайдала-
ныңыз.
• Кофеқайнатқышты қосар алдында барлық шешіл-
мелі бөлшектерінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
kz
• Суқоймадағы судың деңгейі минималдық белгіден
төмен болмауын қадағалаңыз.
• Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
• Кофенің шыны құтысының зақымдануын болдыр-
мау үшін, оны абайлап ұстаңыз!
• Құтыны басқа мақсаттар үшін пайдаланбаңыз,
оны электр және газ пештеріне қоймаңыз, құтыны
қысқа толқынды пештерде пайдаланбаңыз.
• Кофеқайнатқышты кофеге арналған құтысы орна-
тулы тұрған кезде ғана пайдаланыңыз.
• Кофе әзірлеу барысында құтыны қыздыруға
арналған тұғырдан шешіп алмаңыз.
• Бос құтыны қыздыратын алаңшада қалдырмаңыз,
және температураның кенет ауытқуына жол
бермеңіз, кері жағдайда құты шынысы шытынап
кетуі мүмкін.
• Ыстық шыны құтыны суық бетке қоймаңыз.
• Егер шыны құты бүлінген болса, кофеқай-
натқышты пайдаланбаңыз.
• Күйік алуға жол бермеу үшін кофе әзірлеу
барысында және оны сөндіргеннен кейін бірден
кофеқайнатқыштың ыстық беттеріне қолыңызды
тигізбеңіз. Кофеқайнатқышты салқындатыңыз.
• Кофе әзірлеген уақытта су қысыммен үгетіл-
ген кофе арқылы өтеді, сондықтан кофеқай-
натқыштың үстінен еңкейіп төнуге, суқойманың
қақпағын ашуға, сүзгі ұстағышын алуға және көп
реттік сүзгіні шығаруға тыйым салынады.
31

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents