Kärcher VC 4s Cordless Instructions Manual page 146

Hide thumbs Also See for VC 4s Cordless:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 146
Пайдалану мақсаты ........................................... 146
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 146
Керек-жарақ жəне қосалқы бөлшектер ............ 146
Жеткізілім жинағы .............................................. 146
Құрылғыны шолу................................................ 146
Құрастыру........................................................... 147
Пайдалану .......................................................... 147
Тасымалдау........................................................ 148
Сақтау ................................................................. 148
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 148
Кедергілер болғанда көмек алу ........................ 149
Кепілдік ............................................................... 150
Техникалық сипаттамалары.............................. 150
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет қолданбас
бұрын, осы пайдалану жөніндегі
түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да əрі қарай пайдалану немесе келесі
иесі үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану мақсаты
Бұл əмбебап шаңсорғыш коммерциялық мақсатта
емес, үйде жеке пайдалануға арналған. Дұрыс емес
пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау салдарынан
болуы мүмкін кез келген зақым үшін өндіруші
жауапкершілік алмайды. Əмбебап шаңсорғышты
мыналармен ғана пайдаланыңыз:
 түпнұсқа сүзгілер;
 түпнұсқа қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар
жəне арнайы керек-жарақтар.
Əмбебап шаңсорғыш мыналар үшін жарамсыз:
 адамдарды немесе жануарларды тазалау;
 шаңсорғышпен тазалау:
шағын тіршілік иелері (мысалы, шыбындар,
өрмекшілер жəне т.б.);
денсаулыққа зиянды, өткір жиектері бар
немесе ыстық немесе жанып жатқан заттар;
ылғал немесе сұйық заттар;
жанғыш немесе жарылғыш заттар мен газдар.
ЕСКЕРТУ
Балаларға бұл құрылғымен ойнауға тыйым
салынады.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
146
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Құрылғыны шолу
Сурет A
Жалпақ щеткалы білікше
1
Жалпақ щеткалы білікшесі бар едендік саптама
2
Жұмсақ щеткалы білікше (Plus)
3
Жұмсақ щеткалы білікшесі бар едендік саптама
4
(Plus)
Керек-жарақтарды сақтауға арналған матадан
5
жасалған саптама
Толық жылдамдық режимінің индикаторы
6
Едендік саптама индикаторы
7
Батарея индикаторы
8
Қуат режимі түймесі
9
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
10
Зарядтау интерфейсі
11
EPA сүзгісі
12
Циклондық корпус
13
Циклондық сүзгі
14
Шаң жинағыш
15
Шаң жинағыштың құлпын ашу түймесі
16
Бір қадамдық шаңнан босату түймесі
17
Ұзартқыш таяқша
18
Керек-жарақтарды сақтау саңылаулы
19
саптамасы
Сақтау қоймасы (сақтауға арналған ұстағышы
20
бар сақтау базасы)
Зарядтағыш
21
* Иілгіш шланг
22
Қазақша
бөлшектер

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Vc 4s cordless plus

Table of Contents