Redmond RMC-PM180 User Manual page 71

Table of Contents

Advertisement

«Тушение» бағдарламасы
Ет, балық, тағы, құс еті мен теңіз өнімдерін бұқтыруға, сонымен қатар
іркілдектер мен ұзақ жылумен өңдеуді талап ететін басқа тағамдар жасауға
кеңес беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты таңдалған ішкі бағдарламаға
байланысты: «Мясо» («Ет») — 40 минут, «Рыба» («Балық») — 18 минут, «Овощи»
(«Көкөністер») — 15 минут, «Дичь» («Тағы еті») — 45 минут, «Птица» («Құс еті»)
— 30 минут, «Морепродукты» («Теңіз өнімдері») — 20 минут. 5 минуттық
қадаммен 10 минуттан 12 сағатқа дейінгі аралықта әзірлеу уақытын реттеуге
болады.
«Рис/Крупы» бағдарламасы
Күріш пісіруге, үгілмелі ботқалар мен түрлі жармадан гарнирлер жасауға
кеңес беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 15 минутты құрайды. 5
минуттық қадаммен 5 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта әзірлеу уақытын
реттеуге болады.
«Пар/Варка» бағдарламасы
Ет, балық, көкөністер, тағы, үй құсының етін, теңіз өнімдерін суда немесе буда
пісіруге, сонымен қатар диеталық және вегетариандық тағамдар, балалар
мәзірінің тағамдарын әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу
уақыты «Мясо» («Ет») — 20 минут, «Рыба» («Балық») — 13 минут, «Овощи»
(«Көкөністер») — 10 минут, «Дичь» («Тағы еті») — 35 минут, «Птица» («Құс еті»)
— 15 минут, «Морепродукты» («Теңіз өнімдері») — 12 минут.
5 минуттық қадаммен 5 минуттан 5 сағатқа дейінгі аралықта әзірлеу уақытын
реттеуге болады.
Буда әзірлеу үшін арнайы контейнер мен жинаққа кіретін торды қолданыңыз.
Табаққа 500–600 мл су құйыңыз. Дайындалған құрамдастарды буда әзірлеу
үшін контейнерге біркелкі етіп салыңыз. Табаққа торды орнатып, оған
контейнер қойыңыз. Ары қарай 2–11тқ. «Әзірлеудің автоматты
бағдарламаларын қолданудағы әрекеттердің жалпы тәртібін» ұстаныңыз.
«Плов» бағдарламасы
Ет, құс еті мен көкөністерден палау жасаған жөн. Әдепкі бойынша әзірлеу
уақыты 25 минутты құрайды. 5 минуттық қадаммен 10 минуттан 2 сағатқа
дейінгі аралықта әзірлеу уақытын реттеуге болады.
IV. МУЛЬТИПІСІРГІШ РЕЖИМІНДЕГІ
ӘЗІРЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«Выпечка» бағдарламасы
Кекстер, бисквиттер, пирогтар, сонымен қатар фольгада ет пен балық,
буженина жасауға кеңес беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 60 минутты
құрайды. 5 минуттық қадаммен 20 минуттан 4 сағатқа дейінгі аралықта
әзірлеу уақытын реттеуге болады.
Бағдарлама қалыпты қысымда жұмыс істейді. Бұл бағдарламада бу шығару
клапанын ашып қана әзірлеңіз.
«Жарка» бағдарламасы
Ет, балық, көкөністер, тағы, үй құсының етін, теңіз өнімдерін қуыруға кеңес
беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты: «Мясо» («Ет») — 20 минут, «Рыба»
(«Балық») — 12 минут, «Овощи» («Көкөністер») — 18 минут, «Дичь» («Тағы еті»)
— 18 минут, «Птица» («Құс еті») — 15 минут, «Морепродукты» («Теңіз
өнімдері») — 13 минут. 1 минуттық қадаммен 5 минуттан 1 сағат 30 минутқа
дейінгі аралықта әзірлеу уақытын реттеуге болады.
Бағдарлама қалыпты қысымда жұмыс істейді. Әзірлеу кезінде аспаптың
саңылаусыз жабылатын қақпағы алынып тасталуы тиіс.
V. БҰЙЫМДЫ КҮТУ
Аспапты күту және тазалау бойынша ережелер
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажырағанына және толық
суығанына көз жеткізіңіз. Жұмсақ мата мен абразивті емес ыдыс жуатын
құралдарды пайдаланыңыз. Аспапты пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес
береміз.
Аспаптың корпусын суға батыруға немесе су ағынына салуға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң иісті кетіру үшін
бу шығару клапанын жауып тұрып, жарты лимонды «Суп - Овощи»
бағдарламасында 20 минут қайнатуға кеңес береміз.
Назар аударыңыз! Қатты немесе абразивті жабындысы губкаларды,
абразивті тазалау құралдары мен еріткіштерді (бензин, ацетон және
т.б.) пайдалануға тыйым салынады.
Табақ пен қақпақтың ішкі жағын әр пайдаланған соң тазартуға кеңес беріледі
(табақты ыдыс жуғыш мәшинеде жууға болады). Тазалау аяқталған соң
табақтың сыртқы беті мен қақпақты құрғатып сүртіңіз.
Әзірлеуден кейін жұмыс камерасының айналасындағы арнайы қуыста
жиналған конденсатты кетіру үшін жұмсақ мата немесе ас үй майлықтарын
қолданыңыз. Конденсатты аспапты әр пайдаланған сайын кетіріңіз.
Буды шығару клапаны мен тығыздауыш сақинаны тазалау
Бу шығару клапаны бұйым қақпағында орналасады және сыртқы және ішкі
бөліктерден тұрады.
1. Қақпақтың сыртқы жағындағы бу шығаратын клапанның ауыстырып-
қосқышын жоғары тартып алып тастаңыз. Оны Күту және тазалау
ережелеріне сәйкес тазартыңыз.
2. Аспаптың қақпағын ашып, алып тастаңыз. Қақпақтың сыртқы жағында
бу шығару клапанының қорғаныс қабаты орналасқан.
3. Қабық пен бу шығаратын клапан саңылауын Аспапты күту және тазалау
ережелеріне сәйкес бұрап алып, тазартып, жылы ағын сумен жуып
жіберіңіз. Клапанның ішкі қабығын бұрап алып, клапан ауыстырып-
қосқышын орнына орнатып, оңай басып бекітіңіз.
4. Қақпақтың ішкі бетіндегі тығыздауыш сақинаны ақырын алып тастаңыз.
Оны жылы ағын сумен жуыңыз. Сақинаны орнына дұрыс әрі қисайтпай
орнатыңыз.
VI.СЕРВИС - ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒУДЫҢ
АЛДЫНДА
Дисплейдегі қате
Ықтимал ақаулар
Қатені жою
туралы хабарлама
Аспапты
ажыратыңыз, суытыңыз. Қақпақты
тығыз жабыңыз. Егер қайта қосқан
Е1
Қысым қадағасының қатесі
кезде қиындық жойылмаса,
авторландырылған сервистік
орталыққа жолығыңыз.
Жүйелік қате, басқару платасы
Авторландырылған сервистік
Е3
немесе қыздыру элементі істен
орталыққа жолығыңыз
шығуы мүмкін
Аспапты
Е5
Аспаптың қызуы
ажыратыңыз, суытыңыз
VII. КЕПІЛДІК МІНДЕТ ТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 25 ай мерзіміне кепілдік беріледі.
Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл
бұйымды ауыстыру жолымен материалдар немесе құрыдың сапасы
жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға
міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында
дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған,
жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда
танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын
материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық
тығыздауыштар және т.б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық
мерзімі өндірілген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап
есептеледі (егер сатылған күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында
орналасқан сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден
тұрады. 6-ші және 7-шы белгілер айды, 8-ші – құрылғы шыққан жылды
білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі
жағдайында сатып алынған күнінен 5 жыл құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес
пайдаға асыру керек. Мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен
тастамаңыз.
электр
желіден
электр
желіден
RMC-PM180 Мультипісіргіш-тез
KAZ
69

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents