Redmond RMC-PM180 User Manual page 70

Table of Contents

Advertisement

2.
«–» және «+» түймешіктерін басып, әзірлеу уақытын өзгертіңіз. Уақытты
тез өзгерту үшін тиісті түймешікті басып, ұстап тұрыңыз.
3. Бағдарлама әзірлеу уақытын орнатқан соң бірнеше секундтан соң
автоматты түрде басталады, бұл ретте дисплейде «Нагрев» индикаторы
жанады. Егер сіз уақыттың қажетті мәнін орнатып үлгермесеңіз,
«РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басып, уақыт орнатуды қайта бастаңыз.
Жұмыс параметрлеріне шығу
«Жарка» және «Выпечка» бағдарламаларынан басқа, барлық бағдарламаларда
уақыттың кері саналуы аспаптың жұмыс параметрлеріне шығуынан кейін,
яғни, су қайнап, жұмыс камерасындағы қысым мен температура осы
бағдарламаның оңтайлы мәндеріне қол жеткізілгенде басталады.
«Стартты шегеру» функциясы
«Стартты шегеру» функциясы бағдарламаны орындау басталатын уақытты
енгізуге мүмкіндік береді. Уақытты 15 минуттық орнату қадамымен 1-ден 24
сағатқа дейінгі аралықта орнатуға болады. Стартты шегеру функциясы
әзірлеудің барлық автоматты бағдарламалары үшін қол жетімді.
Стартты шегеру уақытын орнату үшін:
1. Бағдарламаны таңдап, қажет болса, әзірлеу уақытын өзгертіңіз
(жоғарыдан қараңыз). «Отсрочка старта» түймешігін басыңыз. Түймешік
индикаторы жыпылықтай бастайды, дисплейде бағдарлама жұмысы
басталғанша уақыт пайда болады (әдепкі бойынша — 1 сағат).
2.
«–» және «+» түймешіктерін басып ұстап тұрып, уақытты азайтыңыз
немесе ұлғайтыңыз. Мәнді тез өзгерту үшін тиісті түймешікті басып,
ұстап тұрыңыз.
3. Стартты шегеру режиміндегі жұмыс уақыт орнатылған соң бірнеше
секундтан кейін басталады, түймешік индикаторы мен дисплейдегі
сандар жыпылықтай бастайды. Бағдарлама жұмысы басталғанша қалған
уақыттың кері есебі басталады.
Егер сіз режим басталғанша стартты шегеру уақытын орнатып
үлгермесеңіз, «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басып, орнатуды тағы
қайталаңыз.
Стартты шегеру уақытын орнатқанда бағдарламалардағы уақытты
есептеу («Жарка» және «Выпечка» бағдарламаларынан басқа) аспап ішіндегі
жұмыс қысымына жеткенде ғана басталатынын ескеру қажет.
Дайын тағамдар температурасын демеу функциясы
(автоысыту)
Бұл функция автоматты түрде әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталғанда
дереу дайын тағамды ысытуды қосады. Тағам температурасы 12 сағат бойы
70–75°С шектерінде ұсталатын болады ( «Жарка» және «Выпечка»
бағдарламаларында — 2 сағат бойы). Бұл ретте «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА»
түймешігінің индикаторы жыпылықтап, дисплейде «Подогрев» индикаторы
жанады да, осы режимде сағаттағы жұмыс уақытының тура есебі көрсетіледі
("0H" — 1 сағаттан аз, "1H" — 1 сағат және т.б.).
Қажет болғанда жылытуды «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басып, өшіруге
болады.
Автожылытуды алдын ала өшіру
Қажет болса, әзірлеу бағдарламасы іске қосылған немесе жұмыс істеген кезде
автоысытуды өшіруге болады. Ол үшін бағдарлама іске қосылған соң «Автоподогрев»
түймешігін басыңыз (түймешік индикаторы сөнеді). Автожылытуды қайта қосу үшін
«Автоподогрев» түймешігін қайта басыңыз (оның индикаторы жанады).
Дайын тағамдарды қыздыру функциясы
Салқын тағамды 70–75°С температурасына дейін қыздыруға және оның
температурасын 12 сағат бойы ұстап тұруға мүмкіндік береді.
1. Азық-түлік салынған табақты аспап корпусына салып, қақпағын жауып,
құрсаулаңыз.
68
2. Аспап қақпағындағы бу шығаратын клапанының ауыстырып-қосқышын
"ЗАКРЫТ" күйіне орнатыңыз. Аспапты электр желісіне қосып, «РАЗОГРЕВ/
ОТМЕНА» түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы жанып, дисплейде
1 сағаттық қадаммен қыздыру уақытының тікелей есептелуі көрсетілетін
болады. «Стартты шегеру» функциясы бұл режимде қол жетімсіз.
3. Қыздыруды өшіру үшін «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз.
Түймешік индикаторы сөніп, аспап күту режиміне көшеді.
Энергияға тәуелді жады
RMC-PM180 мультипісіргішінің энергияға тәуелді жадысы бар. Электрді қысқа
мерзімді өшіруде аспап теңшелімдерді сақтап, жұмыс тоқтаған кезеңдегі
жұмысқа оралады.
Назар аударыңыз! Егер электр тоғы ұзаққа өшсе, және әзірлеу үдерісінің
жалғасы мүмкін болмаса немесе керек болмаса, міндетті түрде аспапты
электр желісінен ажыратыңыз. Теңшелімдерді алып тастау үшін келесі
қосқанда «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз.
Әзірлеудің автоматты бағдарламаларын қолданудағы
әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Құрамдастарды рецептіге сәйкес дайындап, табаққа салыңыз.
Құрамдастардың жалпы көлемі табақтың ішкі бетіндегі ең жоғарғы
белгіден артық болмағанын қадағалаңыз.
2. Аспап корпусына табақты салып, біраз бұрыңыз да, оның қыздыру
элементімен тығыз жанасатынына көз жеткізіңіз. Қақпақты жауып,
бекітіңіз.
3. Аспап қақпағындағы бу шығаратын клапанының ауыстырып-қосқышын
"ЗАКРЫТ" (тез пісіргіш режимінде әзірлеу бағдарламалары үшін) немесе
"ОТКРЫТ" («Выпечка» бағдарламасы үшін) күйіне орнатыңыз да, аспапты
электр желісіне қосыңыз.
4. Таңдалған бағдарлама түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы
жыпылықтай бастайды, дисплейде әдепкі бойынша белгіленген әзірлеу
уақыты пайда болады («Выпечка» және «Жарка») бағдарламаларынан
басқа, жұмыс параметрлеріне шығу үшін қажетті уақытты ескерусіз).
«Суп», «Тушение», «Жарка» және «Пар/Варка» түймешіктерін басқару
панелінде азық-түліктің таңдалған түрінің индикаторы жанғанша
бірнеше рет басу қажет: «Мясо» («Ет»), «Рыба» («Балық»), «Овощи»
(«Көкөністер»), «Дичь» («Тағы еті»), «Птица» («Құс еті») немесе
«Морепродукты» («Теңіз өнімдері»).*
5. Егер сізге әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты ұнамаса, сіз оны
өзгерте аласыз («Әзірлеу уақытын орнатуды» қараңыз).
6. Қажет болса, стартты шегеру уақытын орнатыңыз («Стартты шегеру»
функциясын қараңыз»).
7.
Бағдарлама орнатылымдар аяқталған соң бірнеше секундтан соң автоматты
түрде басталады, дисплейде «Нагрев» индикаторы жанады. Жұмыс
уақытының кері есептелуі аспаптың жұмыс параметрлеріне шығуынан
кейін, дисплейде «Давление» индикаторы жанған кезде басталады. **
8. Автоқыздыру режимін алдын ала өшіру үшін («Дайын тағамдардың
температурасын
ұстау функциясын(автоысыту)»
«Автоподогрев» түймешігін басыңыз — оның индикаторы сөнеді. Режим
жұмысын жаңарту үшін түймешікті қайта басыңыз.
9. Бағдарлама жұмысы аяқталғанда сигнал естіледі. Таңдалған
теңшелімдерге байланысты аспап автоматты түрде ысыту режиміне
(дисплейде «Подогрев» индикаторы) немесе күту режиміне өтеді. Дайын
тағамды ысытуды өшіру үшін «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз.
Түймешікті қайта басқанда ысыту жаңарады.
10. Жұмыс камерасындағы қысым төмендегенше, тез пісіргіш режимінде
2–3 минут күтіңіз, әйтпесе бу шығару клапанын ашқанда ыстық сұйықтық
атылуы мүмкін. Содан кейін бу шығаратын клапанды ашып, будың шығуы
тоқтағанын күтіңіз.
11. Енгізілген бағдарламаны болдырмау үшін әзірлеу немесе ысыту үдерісін
тоқтату үшін «РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз.
* Әр ішкі бағдарлама үшін аспаптың дисплейінде көрінетін әдепкі бойынша
әзірлеу уақытының дербес мәні белгіленген.
** «Выпечка» және «Жарка» бағдарламаларында кері есептеу бағдарлама
стартынан кейін бірден басталады, бұл ретте «Давление») индикаторы
жанбайды.
I I I. Т Е З П І С І Р Г І Ш Р Е Ж И М І Н Д Е
ӘЗІРЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Аспапты қорғау жүйесі
REDMOND RMC-PM180 мультипісіргіші-тез пісіргіші қорғаныстың көпдеңгейлі
жүйесімен жарақтандырылған. Егер температура немесе камерадағы қысым
көрсеткіштері қажетті параметрлерге сәйкес келуді тоқтатса, жүйе әзірлеу
үдерісін тоқтатады. Көрсеткіштер қалыпқа келген кезде әзірлеу үдерісі
жаңарады. Егер белгілі бір уақытта бұл орын алмаса, арнайы құрылғы электр
қоректендіру тізбегі тоқтатып, мультипісіргіш-тез пісіргіштің жұмысын толық
тоқтатады.
Тез пісіргіш режимінде аспаппен жұмыс істеу ережелері
Бұл режимде аспап жоғары қысымда жұмыс істейді. Әзірлеу кезінде бу
шығаратын клапан жабық болуы тиіс.
тез пісіргіш режимінде сусыз немесе 2 өлшеу стақанынан астам
мөлшердегі басқа да сұйықсыз тамақ жасауға;
қысымда тамақты майда қуыру үшін тез пісіру режимін қолдануға
(туралған көкөністерді біраз май немесе сорпада ҚАҚПАҒЫН АШЫП
ҚОЙЫП қуыруға болады);
табақты оның көлемінің 3/1 астам азық-түлік және толтыруға, ал
пісіргенде өсетін немесе көбік шығаратын азық (саумалдық, күріш,
бұршақ тұқымдастар, макарондар, манты және т.б.) үшін – көлемнің
жартысын суға толтыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
«Молочная каша» бағдарламасы
Сүтті ботқалар жасауға кеңес беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 10
минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минуттық қадаммен 5 минуттан 3 сағатқа
дейін реттеуге болады.
Сүт қайнап тасып кетпеуі және тиісті нәтиже алу үшін келесі әрекеттерді
жасаған жөн:
кебегі алынбаған астықтан алынған барлық жарманы су әбден
тазарғанша мұқият жуу (күріш, қарақұмық, тары және т.б.);
әзірлеу алдында мультипісіргіш табағына сары май жағу;
рецептілер кітабында келтірілген пропорцияларды қатаң ұстануғ
құрамдастар мөлшерін пропорционалды түрде өзгерту;
майы алынбаған сүтті қолданғанда оны ауыз сумен 1:1 пропорциясында
араластыру.
«Суп» бағдарламасы
қараңыз),
Ет, балық, тағы, құс еттерінен және теңіз өнімдерінен көжелер мен сорпалар
жасауға кеңес беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты таңдалған ішкі
бағдарламаға байланысты: «Мясо» («Ет») — 40 минут, «Рыба» («Балық») — 30
минут, «Овощи» («Көкөністер») — 20 минут, «Дичь» («Тағы еті») — 45 минут,
«Птица» («Құс еті») — 35 минут, «Морепродукты» («Теңіз өнімдері») — 25 минут.
5 минуттық қадаммен 10 минуттан 8 сағатқа дейінгі аралықта әзірлеу уақытын
реттеуге болады.
«Бобовые» бағдарламасы
Үрмебұршақ, түйебұршақ және басқа да бұршақ тұқымдастар пісіруге кеңес
беріледі. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 2 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын
10 минуттық қадаммен 10 минуттан 4 сағатқа дейінгі аралықта реттеуге
болады.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents