Redmond RMC-PM180 User Manual page 69

Table of Contents

Advertisement

Кіріспе
Үлгі .....................................................................................................................RMC-PM180
Қуаты ........................................................................................................................... 900 Вт
Кернеуі ...................................................................................................220–240 В, 50 Гц
Табақтың көлемі ............................................................................................................ 5 л
Табақтың жабындысы ...................................................................күйікке қарсы қыш
Дисплей.......................................................................................................жарық диодты
Бу клапаны ......................................................................................................... шешілетін
Қорғаныс жүйесі ............................................................................................ 4-деңгейлі:
қысымды реттеу клапаны
температуралық сақтандырғыш
температуралық қадаға
қақпақты құрсаулау қадағасы
Автожылыту .......................................................................................... 12 сағатқа дейін
Автожылытуды алдын ала өшіру
Тағамдарды жылыту функциясы
Стартты шегеру функциясы ............................................................. 24 сағатқа дейін
Бағдарламалар
1. Молочная каша (Сүт ботқасы)
2. Суп – Мясо (Көже - Ет)
3. Суп – Рыба (Көже - Балық)
4. Суп – Овощи (Көже - Көкөністер)
5. Суп – Дичь (Көже – Тағы еті)
6. Суп – Птица (Көже – Құс еті)
7.
Суп – Морепродукты (Көже – Теңіз өнімдері)
8. Выпечка (Пісірме)
9. Бобовые (Бұршақ тұқымдастар)
10. Тушение – Мясо (Бұқтыру - Ет)
11. Тушение – Рыба (Бұқтыру - Балық)
12. Тушение – Овощи (Бұқтыру - Көкөністер)
13. Тушение – Дичь (Бұқтыру – Тағы еті)
14. Тушение – Птица (Бұқтыру – Құс еті)
15. Тушение – Морепродукты (Бұқтыру – Теңіз өнімдері)
16. Жарка – Мясо (Қуыру - Ет)
17. Жарка – Рыба (Қуыру - Балық)
18. Жарка – Овощи (Қуыру - Көкөністер)
19. Жарка – Дичь (Қуыру – Тағы еті)
20. Жарка – Птица (Қуыру – Құс еті)
21. Жарка – Морепродукты (Қуыру – Теңіз өнімдері)
22. Рис/Крупы (Күріш/Жармалар)
23. Пар/Варка – Мясо (Бу/Пісіру – Ет)
24. Пар/Варка – Рыба (Бу/Пісіру – Балық еті)
25. Пар/Варка – Овощи (Бу/Пісіру – Көкөністер)
26. Пар/Варка – Дичь (Бу/Пісіру – Тағы еті)
27. Пар/Варка – Птица (Бу/Пісіру – Құс еті)
28. Пар/Варка – Морепродукты (Бу/Пісіру – Теңіз өнімдері)
29. Плов (Палау)
Жинақ
Мультипісіргіш-тез ................................................................................................. 1 дана
RB-C520 табағы ....................................................................................................... 1 дана
Буда әзірлеу контейнері ...................................................................................... 1 дана
Тор ................................................................................................................................ 1 дана
Фритюрада қуыруға арналған тұтқалы себет .............................................. 1 дана
Өлшеу стақаны ........................................................................................................ 1 дана
Ожау ............................................................................................................................ 1 дана
Жалпақ табақ ........................................................................................................... 1 дана
Қосалқы нығыздағыш сақина ............................................................................ 1 дана
Электр қоректендіру бауы................................................................................... 1 дана
«120 рецепті» кітабы ............................................................................................ 1 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық ....................................................................... 1 дана
Сервистік кітапша ................................................................................................... 1 дана
Үлгі құрылымы
1. Корпус
2. Дисплейлі басқару панелі
3. Аспапты тасымалдау тұтқасы
4. Аспап қақпағы
5. Қақпақ тұтқасы
6. Бу шығару клапанының шешілетін ауыстырып-қосқышы
7.
Бу шығару клапаны
8. Аспап қақпағын құрсаулау индикаторы
9. Табақ
10. Буда әзірлеу контейнері
11. Тор
12. Өлшеу стақаны
13. Ожау
14. Жалпақ табақ
15. Фритюрада қуыруға арналған тұтқалы себет
16. Электр қоректендіру бауы
Басқару панелінің құрылғысы
1. Әзірлеудің автоматты бағдарламасын таңдау түймешіктері.
2.
«Отсрочка старта» («Стартты шегеру») түймешігі — стартты шегеру
уақытын орнату режимін қосу.
3.
«–» түймешігі — әзірлеу немесе стартты шегеру уақытын азайту.
4.
«РАЗОГРЕВ/ОТМЕНА» («ЫСЫТУ/БОЛДЫРМАУ») түймешігі — ысыту
функцияларын қосу/өшіру, әзірлеу бағдарламасының жұмысын тоқтату,
жасалған теңшелімдерді алып тастау.
5. «+» түймешігі — әзірлеу немесе стартты шегеру уақытын ұлғайту.
6.
«Автоподогрев» («Автоысыту» түймешігі) — автоысыту функциясын
қосу/өшіру.
7.
Азықтың таңдалған түрінің индикаторлары («Тушение» («Бұқтыру») ,
«Суп» («Көже»), «Пар/Варка» («Бу/Пісіру»), «Жарка» («Қуыру»)
бағдарламалары үшін).
8. «Давление» («Қысым») — тез пісіргіш режиміндегі жұмыста аспаптың
ішіндегі жұмыс қысымын жасау индикаторы.
9. «Нагрев» («Қыздыру») — әзірлеудің таңдалған бағдарламасының жұмыс
индикаторы.
10. Дисплей.
11. «Подогрев» («Жылыту») — дайын тағамды ысыту/қыздыру режиміндегі
жұмыс индикаторы.
I. ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Орамын абайлап ашыңыз және бұйымды қораптан шығарыңыз, барлық орау
материалдары мен сериялық нөмірі бар жапсырмадан басқа жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
Бұйымның сериялық нөмірі болмауы оған кепілдік қызмет көрсету
құқығыңызды сізден автоматты түрде айырады.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды сумен
жуыңыз. Мұқият кептіріңіз. Бірінші рет пайдаланылғанда бөтен иіс пайда
болуы мүмкін, бұл аспап ақауының салдары болып табылмайды. Бұл жағдайда
аспапты тазалаңыз.
Назар аударыңыз! Аспапты кез келген ақау болғанда пайдалануға тыйым
салынады.
II. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Алғаш рет қосудың алдында
Аспапты бу клапанынан шығатын бу тұсқағаз, декоративтік жабындылар,
электрондық аспаптар мен жоғары ылғал мен температурадан зардап шегуі
мүмкін басқа заттар немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең
бетке орнатыңыз.
RMC-PM180 Мультипісіргіш-тез
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін
бөліктерінде зақымдар, жарық және басқа ақаулар болмауына көз жеткізіңіз.
Табақ пен қыздыру элементі арасында бөтен заттар болмауы керек.
Құрсаулау индикаторы бар шешілетін қақпақ
Құрылғы жабық және бекітілген күйде корпуспен саңылаусыз қосылатын
шешілетін қақпақпен жарақтандырылған. Бұл жұмыс камерасында аспаптың
тез пісіргіш режимінде дұрыс жұмыс істеуіне қажетті жоғары қысым жасауға
мүмкіндік береді.
Мультипісіргіш-тез режиміндегі жұмыста қақпақ автоматты түрде құрсауланады.
Бұл ретте қақпақтағы құрсаулау индикаторы көтеріледі.
Егер әзірлеу аяқталғанда құрсаулау индикаторы көтерілген болса, ішіндегі қысым
жоғары және қақпақ құрсауланған. Бу шығатын клапанды ашып, қақпақтағы
индикатордың төмен түскенін күтіңіз. Индикатор қозғалыстарында бәсең дыбыс естіледі.
Назар аударыңыз! Бу шығару клапанын ашар алдында аспапты 2–3 минут
бойы салқындату керек, әйтпесе клапаннан ыстық сұйықтық төгілуі мүмкін!
Қақпақты ашу үшін
Оны тұтқасынан ұстап, сағат тілімен тірелгенше бұраңыз. Құрсаудан
шығарылған қақпақ жеңіл бұралуы тиіс. Қақпақты тігінен жоғары қарай
ақырын тартыңыз.
Қақпақты жабу үшін
Оны тұтқасынан ұстап, аспап корпусына блокираторлы бүйірлік шығыңқы
тұстың Осы күйде жабылған жазуы бар тұтқадан сол жақта қалатындай етіп
орнатыңыз. Қақпақ тегіс және қиғаштаусыз корпусқа түсуі тиіс. Оны сыртыл
естілгенше сағат тіліне қарсы бұрап, бекітіңіз.
Назар аударыңыз! Қақпақты тек тұтқасынан ұстап ашыңыз. Аспап
қақпағындағы тұтқаны оны тасымалдау үшін қолданбаңыз! Ол үшін
корпуста арнайы тұтқалар бар.
Бу клапаны
Аспап қақпағында таңдалған әзірлеу тәсіліне байланысты жұмыс ережелерінің
біріне орнату қажет бу шығару клапаны орналасқан. Егер клапанның шығыңқы
тұсы:
"ЗАКРЫТ" ("ЖАБЫҚ") жазбасының үстінде орналасса, жұмыс
камерасында жоғары қысым ұсталатын болады (тез пісіргіш режимі);
"ОТКРЫТ" ("АШЫҚ") жазбасының үстінде орналасса, әзірлеу әдепкі
қысымда жүзеге асырылады (мультипісіргіш режимі).
Клапанды күш түсірместен, шығыңқы тұсынан бұраңыз. "ЗАКРЫТ" күйіне
ауыстырар алдында клапан ақырын түседі.
Көп суды қажет етпейтін тағамдарды әзірлеуде (палау және т. б.), бу шығару
клапанын әзірлеу уақыты аяқталған соң бірден ашуға болады. Егер қысыммен
сұйық немесе езбетектес тағамдар әзірленсе, аспапты суыту үшін 5–10 минут
күту, содан кейін клапанды ашу қажет. Әйтпесе бумен бірге ыстық сұйықтық
төгілуі мүмкін.
Назар аударыңыз! Әзірлеу үдерісі кезінде немесе аяқталғанда клапан
ашылғанда ыстық бу тігінен қатты шығуы мүмкін. Өте сақ болыңыз,
еңкейіп, клапан үстінде қолыңызды ұстамаңыз!
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-PM180 мультипісіргіш-тез пісіргішінде әр бағдарлама үшін
әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға болады. Берілетін уақыттың өзгеріс
қадамы мен ықтимал диапазоны әзірлеудің таңдалған бағдарламасына
байланысты. Уақытты өзгерту үшін:
1. Басқару панеліндегі тиісті түймешікті басып, әзірлеу бағдарламасын
таңдаңыз. Түймешік индикаторы жыпылықтай бастайды да, дисплейде
әдепкі бойынша әзірлеу уақыты көрінеді.
KAZ
67

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents