Жад карталарын пайдалану кезіндегі
сақтық шаралар
•
Жад картасын салу кезінде бағыттың дұрыстығын тексеріңіз. Қате
бағытпен салу картаға зақым келтіруі мүмкін.
Жеке ақпаратты қорғау
•
Деректердің жайылып кетуіне немесе құпия ақпараттың қате
пайдаланылуына жол бермеу үшін жеке ақпаратыңызды қорғаңыз.
•
Құрылғыны пайдаланғанда әрқашан маңызды деректердің резервтік
көшірмесін жасаңыз. LG компаниясы ақпараттың жоғалуы үшін
жауапты емес.
•
Құрылғыны тастағанда құпия ақпараттың қате пайдаланылуына
жол бермеу үшін барлық ақпараттың резервтік көшірмесін жасап,
құрылғының бастапқы параметрлерін қалпына келтіріңіз.
•
Қолданбаларды жүктеп алғанда рұқсат экранын мұқият оқыңыз.
•
Бірнеше функциялары бар немесе сіздің жеке ақпаратыңызға кіру
рұқсаты бар қолданбаларды пайдаланғанда сақ болыңыз.
•
Жеке есептік жазбаларыңызды жиі тексеріп тұрыңыз. Жеке
ақпаратыңызды қате пайдалану белгілерін анықтасаңыз, қызмет
провайдерінен сіздің есептік жазба ақпаратыңызды жоюын немесе
өзгертуін сұраңыз.
•
Құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау
үшін есептік жазбаңыздың кілтсөзін өзгертіңіз.
•
Белгісіз көздерден алынған қолданбаларды пайдаланбаңыз.
13