LG -M400DY User Manual page 276

Hide thumbs Also See for LG-M400DY:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 548
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы
ақпарат.
Бұл құрылғы радиотолқындардың әсеріне қойылатын қолданыстағы
қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған. Бұл талаптар жасы мен
денсаулық жағдайына қарамастан, барлық пайдаланушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми
нұсқауларға негізделген.
Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті
немесе МСК деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК
сынақтары стандартты әдістер бойынша барлық қолданыстағы
жиілік ауқымдарындағы ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде
құрылғыдан сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
Әр түрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы радиотолқындар
әсері бойынша нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы
(ИСҚХК) ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам
ұлпада 2 Вт/кг.
Осы үлгінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында —
0,471 Вт/кг (10 г), ал денеде тағып жүргенде — 1,130 Вт/кг (10 г).
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда
немесе киімнен кем дегенде 5 мм қашықтықта орналасқанда ЖҚ
әсері бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік
немесе ұстағыш ретінде денеде ілгенде, оның құрамында металл
болмау керек және өнімді киімнен кемінде 5 мм қашықтықта ұстау
керек. Деректер файлдарын немесе хабарларды тасымалдау
үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын қажет етеді.
Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын немесе хабарларды
тасымалдау осындай байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі
мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара
қашықтық туралы нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
6

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents