Download Print this page

Hilti TE 30-A36 Original Operating Instructions page 134

Hide thumbs Also See for TE 30-A36:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.1.2 Перфораторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың
арнайы жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.1.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспапты тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза
күйінде ұстаңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын бөліктерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралға жақындауына рұқсат
етпеңіз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалау/кварц қамтитын
жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық
үшін зиянды болуы мүмкін.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп
класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан
қорғау нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары
жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспап-
тағы сыртта орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз.
бекітілген өңделетін зат қолмен бекіткенге қарағанда берік болып тұрады.
▶ Құрал блокталған кезде электр құралды бірден өшіріңіз. Аспап бүйірімен ауытқуы мүмкін.
▶ Электр құралды алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына
дейін күтіңіз.
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Li­Ion аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
Жарылыс қаупі бар.
128
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
Тартылмалы аспаптармен немесе қыспақпен бұрап

Advertisement

loading