Philips AVENT Premium Plus SCF392 Instructions Manual page 206

Single/double electric breast pump
Hide thumbs Also See for AVENT Premium Plus SCF392:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
206
-
Сүтсауғышты өзгертуге рұқсат етілмейді. Олай істесеңіз, кепілдік жарамсыз болады.
-
Пайдалану барысында назарсыз қалдырмас үшін сүтсауғышты ешқашан ұйқылы немесе қалғып
отырып пайдаланбаңыз.
-
Вакуумды босату мақсатында емшектен сүтсауғышты алу алдында үнемі сүтсауғышты өшіріңіз.
-
Вакуум ыңғайсыз немесе ауруға себеп болса, сүтсауғышты өшіріп, емшектен алыңыз.
-
Ешқандай сүт шықпаса, бір уақытта бес минуттан артық соруды жалғастырмаңыз. Күні бойы басқа
уақытта сауып көріңіз.
-
Егер процес қолайсыз немесе ауру тудырса, сүтсауғышты пайдалануды тоқтатып, денсаулық сақтау
маманымен ақылдасыңыз.
Сүтсауғыштың зақымдалуы мен ақаулығын болдырмау ескертулері:
-
Шағын радио жиілігі (РЖ) байланыстарының жабдығы (оның ішінде ұялы құрылғылар және
антенна кабельдері мен сыртқы антенналар сияқты перифериялық құрылғылар) сүтсауғыштың кез
келген бөлшегінен (оның ішінде адаптер) 30 cm қашықтықтан жақын пайдаланбаған дұрыс. Бұл —
сүтсауғыштың өнімділігіне кері әсер етуі мүмкін.
-
Бұл жабдықты басқа жабдықтың жанында немесе жабыстырып пайдаланбаған дұрыс, себебі ол
дұрыс емес жұмысқа әкелуі мүмкін.
Бұл құрылғының электромагниттік сәулелерінің жоғарылауына немесе электромагниттік
иммунитеттің төмендеуіне жол бермеу туралы ескерту (дұрыс жұмыс істемеуге әкеледі):
-
Құрылғымен бірге жеткізілгеннен басқа адаптерді немесе зарядтағыш кабелін пайдаланбаңыз.
Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары
-
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын
қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Қамтамасыз
етілген аксессуарлар әртүрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мүмкін.
-
Батареяны зарядтау үшін өніммен берілген алынбалы адаптерді (S009AHz050yyyy) ғана
пайдаланыңыз. Ұзартқышты қолданбаңыз.
-
Өнімді осы пайдаланушы нұсқаулығының техникалық сипаттамалар кестесінде көрсетілген
температура аралығында зарядтаңыз, пайдаланыңыз және сақтаңыз.
-
Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
-
Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз.
-
Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
-
Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері күйде зарядтауға болмайды.
-
Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Абайлаңыз
Сүтсауғыштың зақымдалуын және ақаулығын болдырмайтын сақтық шаралар:
-
Адаптер мен мотор бөлігін су тигізбеңіз.
-
Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе ыдыс жуғышқа салмаңыз, өйткені бұл осы
бөліктерді қалпына келтіру мүмкіндігінсіз зақымдайды.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Avent premium plus scf394

Table of Contents