Philips NX0960 Manual page 90

Air cooker
Hide thumbs Also See for NX0960:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
90 ҚАЗАҚ
-
Ас пісіру кезінде, жылуды бір деңгейде ұстау режимінде немесе қақпақты ашқан кезде
құралдан шығатын ыстық будан күйіп қалмау үшін сақ болыңыз. Тамақты тексеру кезінде,
әрқашан тұтқасы ұзын болып табылатын асүй керек-жарағын қолданыңыз.
-
Құрылғыны осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғаннан басқа ешқандай мақсаттарда
пайдаланбаңыз, Philips -тің тек түпнұсқа қосалқы құралдарын пайдаланыңыз.
-
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты ұсынбаған керек-жарақтар
мен қосалқы бөлшектерді пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді
пайдалансаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
-
Әрқашан тамақ өңдеуге арналған арнайы құрылғыны қолданыңыз. Тамақтың бу
генераторының түбімен тікелей байланысына жол бермеңіз.
-
Құралды жұмыс істеп тұрған күйінде қараусыз қалдырмаңыз, ол әрқашан бақылауда болуы
тиіс.
-
Үнемі құралдың қақпағын дұрыс жабыңыз.
-
Sous vide (вакуумда дайындау) функциясын қолданған кезде тек жоғары сапалы су-видке
арналған вакуумдық қалталарды қолданыңыз. (Тек NX0960)
-
Тек су-видке арналған вакуумдық қалталар жоғары температураға төтеп бере алады. Су-видке
қолайлы емес полиэтилен қалталар еріп кетуі мүмкін. (Тек NX0960)
-
Тағамды Sous vide режимінде пісіру кезінде температура 60°C-ден төмен болмауы керек,
себебі бұл бактериялардың көбеюіне әкелуі мүмкін. (Тек NX0960)
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріп алыңыз.
-
Құралды дастарқан немесе перде сияқты тез жанатын материалдардың үстіне немесе жанына
қоймаңыз.
-
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамақ тиетін бөлшектерін жақсылап тазалаңыз. Осы
пайдаланушы нұсқаулықтағы нұсқауларды қараңыз.
-
Мұздатылған ет, тауық немесе теңіз тағамдарын буламаңыз. Мұндай азық-түліктерді әрдайым
әбден еріткеннен кейін буға пісіріңіз.
-
Пайдалану барысында құрылғының ашық беттері қатты ысып кетуі мүмкін.
-
Бұл құрал 10°C-ден 40°C-ге дейінгі қоршаған орта температурасында пайдалануға арналған.
Ескерту
-
Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Оны дүкендердегі қызметкерлерге
арналған асүйлерде, кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда немесе басқа да жерлерде
қолдануға болмайды. Ол мейманханалардың, мотельдердің, қонақүйлердің және сондай
басқа да мекемелердің тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
-
Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау алдында әрқашан
құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.
-
Құралды тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек қана Philips әкімшілігі берген қызмет
орталығына апарыңыз. Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз, әйтпесе кепілдік жарамсыз
болады.
-
Суға арналған резервуарға тек су құйыңыз. (Тек NX0960)
-
Құрылғыны ұстамас немесе тазаламас бұрын, құралды 30 минуттай суытып алыңыз.
-
Құралды тек тұрақты, көлденең және тегіс бетке қойыңыз.
-
Алдын ала орнату бағдарламаларында ұсынылған температура, ылғалдылық және уақыт
шамамен берілген және құралға салынған тағамның түрі мен мөлшеріне байланысты
өзгереді.
-
Құралды дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса,
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік күшін жойылады
және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас
тартады.
-
Резервуарға суды құю, қосу немесе ағызу үшін оны құрылғыдан шығарып алыңыз.
Резервуардан суды ағызу үшін құралды тұтастай еңкейтпеңіз. (Тек NX0960)
-
Егер пісіру камерасынан сұйықтықты ағызу қажет болса, сорғышты немесе соған ұқсас затты
қолданыңыз. Сұйықтықты ағызу үшін құралды еңкейтпеңіз. (Тек NX0960)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents