Алғаш Қолданар Алдында - TZS First AUSTRIA FA-5105-1 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for FA-5105-1:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз
және оларды кейінірек пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5   см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-ақ
құрылғыны ашық газ жалынының жанында
орнатуға және пайдалануға болмайды.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін (газ не электр
оттығы немесе қыздырылатын пеш сияқты)
ыстық бетте немесе оған жақын жерде
қолданбаңыз және қоймаңыз.
• Құрылғыны радиатор немесе ауа құбыры
сияқты жылу көзінің жанына немесе күн
сәулесі тікелей түсетін, шаң басатын,
механикалық діріл немесе соққы әсеріне
ұшырайтын орынға қоймаңыз.
• Бұл өнімді ашық жалындардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғы берік әрі тегіс бетте орналасқанына
және оған балалардың қолы жетпейтініне
көз жеткізіңіз, бұл – құлап кету салдарынан
болатын зақымдар мен жарақаттанудан
сақтайды.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Жел кіретін саңылаулар таза болуы керек.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Салқындату тізбегінде изобутан салқындату
агенті (R600a) бар.
Ол табиғи, экологиялық таза газ болғанымен,
тез тұтанады.
Тасымалдау кезінде немесе құрылғыны
орнату кезінде салқындату тізбегінің
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Егер салқындату тізбегі зақымдалса:
- Ашық жалын мен тұтану көздерінен алыс
ұстаңыз.
- Бөлмені жақсылап желдетіңіз.
- Құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз.
• Бұл құрылғы сұйық тағамды араластыруға
және салқындатуға, сонымен бірге
балмұздақ жасауға ғана қолайлы. Басқа
заттарды немесе нәрселерді өңдеу үшін оны
пайдалануға болмайды.
• Құрылғыны тым жиі қосуға және өшіруге
болмайды, себебі одан компрессор
зақымдалуы мүмкін. Құрылғыны өшіргеннен
кейін, оны қосар алдында кемінде 5 минут
күтіңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау
пайда болған жағдайда, құрылғыны міндетті
түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
48
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қуат көзі
220-240 В, 50 Гц, I қауіпсіздік класы
Қуат тұтыну
135 Вт тоңазытқыш
Сыйымдылығы
1,2 л
Салқындату агенті
R600a
ШОЛУ:
(А сур.)
1. Мөлдір қақпақ
2. Араласиыпуға арналған тесік
3. Араластыратын таяқша
4. Балмұздақ контейнері
5. Дисплей және басқару элементтері
6. ҚУАТ түймесі
7. ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ түймесі
8. Айналма тұтқа (-/+)
9. Араластыру индикаторы
10. Мұздату индикаторы
11. Дайындық уақыты
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Маңызды! Құрылғының көлбеу бұрышы
тасымалдау немесе пайдалану кезінде 45°-тан
аспауы керек. Құрылғыны аударып қоймаңыз.
Олай істесеңіз, компрессор немесе тоңазытқыш
жүйе дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Компрессорды бірінші рет қолданар алдында,
сұйықтықтың таралуы үшін 2 сағаттай күтіңіз.
• Барлық қауіпсіздік және қаптама
бөлшектерін алыңыз және оларды
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
қаупі бар!
• Құрылғыны құрғақ әрі тегіс жерге, қолайлы
әрі жақсы желдетілетін жерге қойыңыз.
• «ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ» тарауындағы
қадамдарды орындап, құрылғыны тазалаңыз
• Әр пайдаланудың алдында барлық
бөлшектің таза әрі құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
ҚОЛДАНУ
Басқару элементтері:
Құрылғыны қосу/өшіру үшін ҚУАТ
түймесін басыңыз
Дайындықты бастау немесе тоқтату үшін
ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз.
Дайындық уақытын көбейту немесе
азайту үшін (-/+) айналма тұтқаны
-
+
пайдаланыңыз.
БАЛМҰЗДАҚ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ
РЕЦЕПТІЛЕР:
Өсімдікке негізделген (вегетариандық):
170 г кешью майы (пюре)
80 г
қант немесе шәрбат
250 мл өсімдікке негізделген сүт
250 мл өсімдікке негізделген крем
Сүтке негізделген:
100 г қант
350 мл сүт
300 мл крем
Ингредиенттерді біркелкі араластыру үшін
блендерді пайдаланыңыз. Какао, ваниль немесе
өзіңізге ұнайтын басқа дәм қосуға болады.
БАЛМҰЗДАҚ ЖАСАУ
1. Араластыратын таяқшаны алынбалы
балмұздақ контейнерінің түбіндегі білікке
орналастырыңыз.
2. Рецептідегі жақсы дайындалған және
біркелкі араласқан ингредиенттерді
алынбалы балмұздақ контейнеріне құйыңыз.
Контейнер сыйымдылығының 2/3 бөлігінен
асырмаңыз, өйткені мұздату кезінде
балмұздақ қоспасы кеңейеді.
3. Балмұздақ контейнерін құрылғының мұздату
камерасына салыңыз.
4. Мөлдір қақпақты құрылғыға салыңыз, ол
орнына бекітіліп, мықтап жабылғанша сағат
тіліне қарсы бұраңыз.
5. Ашаны розеткаға қосыңыз. Енді дисплейден
жыпылықтап тұрған «00» белгісін көресіз.
6. Құрылғыны қосу үшін ҚУАТ түймесін
басыңыз. Дисплей жанады да, уақыт
параметрі жыпылықтайды.
7. Қажетті дайындық уақытын таңдау үшін
айналма тұтқаны пайдаланыңыз.
8. Балмұздақ жасауды бастау үшін ІСКЕ ҚОСУ/
ТОҚТАТУ түймесін басыңыз. Дисплейде
қалған уақыт көрсетіледі.
9. Уақыт аяқталғаннан кейін, құрылғы
автоматты түрде тоқтап, дыбыстық сигнал
шығады.
Ескертпе: балмұздақты дайындап болған
кезде, балмұздақ алынбаса немесе құрылғы
өшірілмесе, балмұздақ тез еріп кетуіне жол
бермеу үшін салқындату функциясы 10 минуттан
кейін автоматты түрде қосылады. Салқындату
функциясы 10 минут істейді де, құрылғы күту
режиміне өтеді.
49

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents