Download Print this page

Whirlpool ACMT 5131/IX/2 Instructions For Use Manual page 13

Advertisement

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
ОҚУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдалану алдында, денсаулық, қауіпсіздік және пайдалану туралы
нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықтарды болашақта анықтама алу үшін қол астында ұстаңыз.
Бұл нұсқаулықтар сонымен бірге веб-сайтта қол жетімді:
СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ
МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық және құрылғының өзі оқу және әрқашан сақтау керек маңызды қауіпсіздік туралы ескертулерді
қамтамасыз етеді.
Бұл — қауіпсіздік дабылының таңбасы.
Бұл таңба сізді және басқаларды өлтіруі немесе жарақаттауы мүмкін ықтимал қауіптер туралы ескертеді.
Барлық қауіпсіздік туралы хабарлардан кейін қауіпсіздік дабылының таңбасы немесе «ҚАУІП» немесе
«ЕСКЕРТУ» сөзі болады. Бұл сөздердің мағыналары:
ҚАУІПТІ
ЕСКЕРТУ
Барлық қауіпсіздік туралы ескертулер ықтимал қауіп туралы мәліметтерді береді және құрылғыны дұрыс
емес пайдалану нәтижесіндегі жарақат, зақым және ток соғу қаупін азайту әдісін көрсетеді. Келесі
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Бұл нұсқауларды орындамау қауіптерге әкелуі мүмкін. Өндіруші осы кеңестер мен сақтық шаралары
сақталмаса болатын адамдардың немесе жануарлардың жарақаттануына, я болмаса, мүліктің
зақымдалуына бүкіл жауапкершілікті қабылдамайды.
̶
Үздіксіз қадағаланбаса, өте жас (0-3 жастағы) және жас балаларды (3-8 жастағы) аулақ ұстау керек.
̶
8 және одан жоғары жастағы балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдар немесе тәжірибесі
мен білімі жоқ адамдар бұл құрылғыны тек қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану
̶
туралы нұсқаулар берілсе және қатысты қауіптерді түсінсе пайдалана алады.
̶
Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Тазалауды және пайдаланушылық техникалық қызмет көрсетуді балалар
қадағалаусыз орындамауы керек.
̶
Құрылғы және оның қол жеткізуге болатын бөліктері пайдалану кезінде қызады, жас балаларды аулақ ұстау керек.
Барлық құрамдастар толығымен суығанша құрылғының киімдерге немесе басқа тұтанғыш материалдарға тиюіне жол
бермеңіз.
̶
Пайдалану кезінде және одан кейін қыздыру элементтеріне немесе құрылғының ішкі бетіне тимеңіз. Күйіктер қаупі
бар.
̶
Қызып кеткен майлар оңай тұтанады. Май немесе алкоголь (мысалы, ром, коньяк, шарап) көп тамақтарды
әзірлегенде әрқашан қырағы болыңыз.
̶
Тамақ кебуі кезінде құрылғыны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
̶
ЕСКЕРТУ: Құрылғыда жабық банкалар немесе ыдыстар бар кезде қыздырмаңыз немесе әзірлемеңіз.
̶
Ішінде жиналатын қысым олардың жарылып, құрылғыны зақымдауына әкелуі мүмкін.
̶
Тамақтарды әзірлегенде алкогольдік сусындар (мысалы, ром, коньяк, шарап) пайдаланылса, жоғары
температураларда алкоголь буланатынын есте сақтаңыз. Нәтижесінде алкоголь шығарған булар электр қыздыру
элементіне тигенде тұтануы қаупі бар.
̶
Құрылғы щупты пайдалануға жарамды болса, тек осы духовка үшін ұсынылған температуралық щупты
пайдаланыңыз.
̶
ӨРТ ҚАУПІ: Заттарды әзірлеу беттерінде сақтамаңыз, өйткені олар тұтануы мүмкін.
̶
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Шыны сынған жағдайда: - барлық жанарғыларды және кез келген электр қыздыру
элементін дереу өшіріп, құрылғыны қуат көзінен оқшаулаңыз; - құрылғы бетіне тимеңіз; - құрылғыны
пайдаланбаңыз
̶
Бұл нұсқаулар құрылғыда ел таңбасы көрінсе қолданылады. Егер құрылғыда таңба көрінбесе, елдің
пайдалану жағдайларына сай құрылғыны өзгертуге қатысты қажет нұсқауларды беретін техникалық
нұсқауларды қарау қажет
̶
Қыздырылса, шыны қақпақ сынуы мүмкін. Қақпақты жаппай тұрып барлық жанарғыларды
̶
және электр плиталарды өшіріңіз. Жанарғы жанып тұрғанда қақпақты жаппаңыз. Егер бұл
нұсқаулықтағы ақпарат дәл орындалмаса, өрт немесе жарылыс болып, мүліктің зақымдалуына
немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
Сақтанбаса, ауыр жарақат тигізетін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Сақтанбаса, ауыр жарақат тигізуі мүмкін қауіпті жағдайды көрсетеді.
www.whirlpool.eu
KZ
13

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Acmt 5131/ix/3Acmt 5131/wh/2Acmt 5131/wh/3