Roborock Q7 Max+ User Manual page 26

Robotic vacuum cleaner
Hide thumbs Also See for Q7 Max+:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Ұйқы режимі
Егер робот 10 минуттан артық жұмыс
істемей тұрса, ол ұйқы режиміне кіреді
және қуат индикаторы бірнеше секундта
бір рет жыпылықтап тұрады. Роботты
ұйқы режимінен шығару үшін кез келген
түймені басыңыз.
Ескертпелер:
• Робот зарядталып жатқанда, ұйқы режиміне кірмейді.
• Робот ұйқы режимінде 12 сағаттан артық қалып
кетсе, автоматты түрде өшіп қалады.
DND режимі
Әдепкі Мазаламау (DND) кезеңі – 22:00–
08:00 аралығы. Қолданбаның көмегімен
DND режимін өшіре немесе DND кезеңін
өзгерте аласыз. Мазаламау (DND)
режимі қосылғанда, робот автоматты
түрде тазалау процесін жалғастырады,
қуат индикаторы өшеді және дауыстық
ескертпелер ақырын шығады.
Балалардан қорғау құлпы
Балалардан қорғау құлпын қосу/өшіру
үшін
түймесін басып тұрыңыз. Оны
қолданба арқылы да орнатуға болады.
Ол қосылып тұрған кезде, робот түйменің
басылғанына жауап бермейді. Робот
тазалап жатқанда немесе док станцияға
қайтып бара жатқанда, оны тоқтату үшін
кез келген түймені басыңыз.
Зарядтау
Тазалау процесінен кейін, робот
автоматты түрде док станцияға қайтып,
зарядталады.
Кідіру режимінде
түймесін басу
арқылы роботты док станцияға қайтаруға
болады. Робот зарядталып жатқанда, қуат
индикаторы жыпылықтап тұрады.
Ескертпе:
Егер робот док станцияны таба алмай
қалса, ол автоматты түрде бастапқы орнына қайтады.
Зарядтау үшін роботты док станцияға қолмен қойыңыз.
Қате
Қате пайда болса, қуат индикаторы қызыл
түсте жыпылықтайды және дауыстық ескерту
шығады. Шешімдерін «Қателер және жиі
кездесетін мәселелер» бөлімінен қараңыз.
Ескертпелер:
• Ақау шыққан күйде 10 минуттан артық тұрып қалса,
робот автоматты түрде ұйқы режиміне кіреді.
• Дұрыс жұмыс істемей тұрған роботты док станцияға
қолмен апарсаңыз, ол тазалау процесін аяқтайды.
Жүйені бастапқы күйге қайтару
Түймелер басылған кезде, робот жауап
бермесе немесе өшпейтін болса,
жүйені бастапқы күйге қайтарыңыз.
Reset (Бастапқы күйге қайтару) түймесін
басыңыз, роботтың әдепкі параметрі
автоматты түрде қайтарылады.
Ескертпе:
Жүйені бастапқы күйге қайтарған соң,
жоспарлы тазалау, WiFi және т.б. функциялар
зауыттық параметрлерге қайтарылады.
26
Зауыттық параметрлерді
қайтару
Жүйені бастапқы күйге қайтарған соң да
робот дұрыс істемей тұрса, оны қосыңыз.
«Restoring factory settings» (Зауыттық
параметрлер қайтарылуда) дауыстық
ескертпесі естілгенге дейін,
басып тұрып, «Reset» (Бастапқы күйге
қайтару) түймесін бір уақытта басыңыз. Робот
зауыттық параметрлерге қайтарылады.
Қолданба функциялары
Тазалау картасы
• Бірнеше картаны басқару
• Нақты уақытта шаң сору және еден жуу
бағыты
• Картаны аймаққа бөлу
• Картаны өңдеу
Реттелмелі тазалау режимдері
• Жоспарлы
• Таңдамалы бөлме
• Аймақ
• Тыйым салынған аймақ немесе
көрінбейтін қабырға
• Өзгермелі
• Кілемді қарқынды тазалау
Тазалау режимін ауыстыру
• Сору қуаты деңгейлері
• Еден жуу қарқындылығы деңгейлері
түймесін

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading
Need help?

Need help?

Do you have a question about the Q7 Max+ and is the answer not in the manual?

Questions and answers

Subscribe to Our Youtube Channel

This manual is also suitable for:

Q7 max

Table of Contents