Roborock Q7 Max+ User Manual page 19

Robotic vacuum cleaner
Hide thumbs Also See for Q7 Max+:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қауіпсіздік туралы ақпарат
Шектеулер
• Өнімді нұсқаулыққа сай қолданыңыз. Дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болған шығын немесе зақым үшін пайдаланушының өзі
жауапты.
• Оны шатыр едені, ашық терраса немесе жиһаздардың үсті сияқты кедергісі жоқ биік беттерде қолданбаңыз.
• Өнімің жұмысына кедергі жасамау және құнды заттарды зақымдап алмау үшін, тазаламас бұрын, жеңіл заттарды (мысалы, пластик
қаптар), тез сынып қалатын заттарды (мысалы, вазалар) еденнен алып тастаңыз.
• Робот жұмыс істеп тұрса да, өшіп тұрса да, өнімнің үстіне ештеңе (оның ішінде балалар және үй жануарлары) қоймаңыз.
• Өнімді тұтанған заттарға (мысалы, темекі күлі) қолдануға болмайды.
• Қатты немесе өткір заттарды (мысалы, декорация қалдықтары, әйнек және шегелер) тазалау үшін өнімді пайдалануға болмайды.
• Өнімді тазаламас бұрын немесе оған техникалық қызмет көрсетпес бұрын, оны міндетті түрде өшіріп, қуат көзінен ажырату керек.
• Док станциясының соруға арналған саңылауының жанына ештеңе қоймаңыз.
• Жарақаттану қаупінің алдын алу үшін док станциясының саңылауына саусағыңызды тықпаңыз.
• Нәресте немесе бала ұйықтап жатқан бөлмеде өнімді пайдалануға болмайды.
• Өнімді шаң себетінен немесе негізінен ұстап тасымаңыз.
• Робот док станциямен үйлесімді болуы керек, әйтпесе қоқысты босату немесе зарядтау процесі дұрыс орындалмауы мүмкін.
• Ауа арнасын бітеп қалуы мүмкін тастарды, қағаз қиындыларын немесе басқа заттарды жинау үшін док станцияны пайдаланбаңыз.
Ауа арнасы бітеліп қалса, оны дереу тазалаңыз.
• Док станцияны оттан, ыстық көзінен және судан алшақ еденге қойыңыз. Робот ауада асылып қалуы мүмкін тар орындарда жұмыс
істеуіне жол бермеңіз.
• Робот жұмыс істеп тұрса да, өшіп тұрса да, док станцияның үстіне ештеңе (оның ішінде балалар және үй жануарлары) қоймаңыз
немесе оның үстін (оның ішінде шаңнан қорғайтын жапқышпен) жаппаңыз.
• Темекі, сіріңке немесе ыстық күл сияқты өртеніп немесе түтіндеп жатқан заттарды жинамаңыз.
• Оттық, бензин және принтерлерде немесе көшіру құрылғыларында қолданылатын тонер сияқты жанғыш немесе жарылғыш
заттарды жинау үшін док станцияны қолданбаңыз.
• Балалар бұл құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру қажет.
• Бұл өнімді физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға (оның ішінде
балалар) пайдалануға болмайды. Егер пайдаланатын болса, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам (CB) қадағалап немесе
құрылғыны қалай қолдану керектігі туралы нұсқау беріп тұруы керек.
19

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading
Need help?

Need help?

Do you have a question about the Q7 Max+ and is the answer not in the manual?

Questions and answers

This manual is also suitable for:

Q7 max

Table of Contents