Hilti TE 2000-AVR Operating Instructions Manual page 115

Hide thumbs Also See for TE 2000-AVR:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса,
оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
Жұмыстарды құрылыс басқармасы толық көлемде мақұлдауы керек!
5.2.1
Қашау
1. Желілік кабель ашасын розеткаға салыңыз.
2. Кескішті қалаулы позицияға орнатыңыз.
3. Қуат сөндіргішін басыңыз.
Төмен температуралардағы жұмыс:
Аспап соғатын механизм жұмыс істегенше минималды жұмыс температурасын қажет етеді.
Оған қол жеткізу үшін, аспапты аз уақытқа астыңғы бетке қойып, бос жүрісте жұмыс істетіңіз.
Қажет болса, соғатын механизм іске қосылғанша әрекетті қайталаңыз.
5.2.2
Өшіру
1. Қуат сөндіргішін басыңыз.
2. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
5.2.3
Ескертпелер
6
Кескішті 6 түрлі позицияға (60° қадамға) орнатуға болады. Осының есебінен жалпақ және қалыпқа
түсірілген кескіштерді қажетті жұмыс күйіне орнатуға болады.
▶ Кескішті жиектен шамамен 80-100 мм-ге (3¹⁄₈" - 4") орналастырыңыз.
▶ Арматуралық болатпен жұмыс істегенде, әрқашан кескішті арматуралық болат үстімен емес,
материал жиегінің үстімен жүргізіңіз.
▶ Қашау әрекетін бетон бетіне 70° - 80° бұрышпен бастап, ұшты жиекке бағыттаңыз. Содан кейін
бұрышты 90° бағытпен жылжытыңыз және материалды сындырып алыңыз.
▶ Кескішті жүйелі түрде айналдырыңыз, себебі біркелкі тозу өздігінен өткірлеу барысына қолдау
көрсетеді.
▶ Тым әлсіз басу кескіштің негізден ыршып кетуіне әкеледі.
төмендеуін тудырады.
6
Қосымша тасымалдау арбашасы
6.1
Тасымалдау
Тасымалдау арбашасы қашайтын балғаның қауіпсіз тасымалын қамтамасыз етеді.
Тасымалдау арбашасының тұрақты күйін қамтамасыз етіңіз.
Аспапты арнайы құрылғының қысқыш жақтауына қойып, тасымалдау барысында әрдайым қамытпен
бекітіңіз.
Кескішті арнайы ұстағышқа тірелгенше енгізіңіз.
Қауіпсіз тасымалдау жолын қамтамасыз етіңіз.
Тасымалдау арбашасын еңіс беттерге қоймаңыз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
*2154382*
2154382
Тым қатты басу кескіш қуатының
Қазақ
109

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents