Hilti C 53 Original Operating Instructions page 151

Hide thumbs Also See for C 53:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралға арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орында-
мау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
сақтаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және нашар
жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жұмыс орнын және айналадағы ауаны шаңнан және тот басқыш газдар сияқты басқа да
заттектерден таза ұстаңыз.
▶ Балаларды және бөгде адамдарды жұмыс істеп тұрған өнімнен алшақ ұстаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Ток соғуы өмір үшін қауіпті немесе тіпті қазалы болуы мүмкін.
▶ Өнімнің ішіндегі және сыртындағы кернеу өткізгіш бөлшектермен жанаспаңыз.
▶ Пайдалану алдында босаған қосылымдар мен зақымдалған кабельдерді алмастырыңыз. Барлық
кабельдер мен сымдар берік, бүтін және оқшауланған болуы тиіс.
▶ Кабельдер мен сымдарды денеге немесе дене мүшелеріне орамаңыз.
▶ Пайдаланылмайтын өнімдерді қуат көзінен ажыратыңыз.
▶ Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының алдында және зарядтау процесін
тоқтатқан кезде қуат көзін және дәнекерлеу құрылғысы мен зарядтағыш құрылғы арасындағы
байланысты ажыратыңыз.
▶ Өнімді жаңбыр немесе қар астына қоймаңыз. Ылғалдың тиюін болдырмаңыз.
▶ Аша мен кабельге зақым келтіру қаупін азайту үшін суырған кезде әрдайым кабельді емес, ашаны
ұстап тұрыңыз.
▶ Кабелі немесе ашасы зақымдалған зарядтағыш құрылғыны пайдаланбаңыз. Кабельді немесе ашаны
дереу алмастырыңыз.
▶ Қатты соққыға тап болған, құлап түсірілген немесе басқа жолмен зақымдалған зарядтағыш
құрылғыны пайдаланбаңыз.
▶ Зарядтағыш құрылғыны бөлшектемеңіз. Қате орындалған жаңадан құрастыру нәтижесінде өрт қаупі
және ток соғу орын алуы мүмкін. Егер техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу қажет болса,
Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
▶ Қорғаныш сымы бар өнімдерді тек қорғаныш сымы бар электр желісінде және қорғаныш сым
түйіспесі бар желілік розеткада пайдаланыңыз.
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
▶ Жарақат алудың алдын алу үшін зарядтағыш құрылғының көмегімен тек Hilti FX 3-A дәнекерлеу
құрылғысының аккумуляторын зарядтаңыз.
▶ Жарақат алудың алдын алу үшін өнімді тек жұмыс істеуге толықтай қабілетті қауіпсіздік
құрылғыларымен бірге пайдаланыңыз.
жеткізіңіз.
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Hilti ұсынбаған немесе сатпаған керек-жарақтардың пайдаланылуы өрт қаупін тудыруы, ток соғуға
немесе адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін.
▶ Зарядтағыш құрылғы үшін таза, салқын, құрғақ әрі қыраусыз орынды таңдаңыз.
▶ Зарядтау процесінің барысында зарядтағыш құрылғыдан жылу шығуы тиіс.
чемоданнан шығарыңыз. Таза ауа ағыны жоқ жерде зарядтамаңыз.
▶ Өнімге мұқият күтім көрсетіңіз. Аспаптың қызмет етуін бұзатын зақымдар немесе сынған бөлшектер
бар-жоғын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне
жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы
мүмкін.
▶ Зақымдалған дәнекерлеу құрылғысын (мысалы, сызаттары бар, бөлшектері сынған, түйіспелері
бүгілген, артқа ығысып кеткен және/немесе созылған) зарядтауға және қайта пайдалануға тыйым
салынады.
*2302421*
Өнімді қоспас бұрын ешкімге қауіп төнбегеніне көз
2302421
Бұл үшін аспапты
Қазақ
147

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents