Шаңсорғышты Жинау - BRAYER BR4264 Instruction Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
40 KZ
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температурада тасымалдаған-
нан кейін немесе сақтаған болсаңыз, оны қапта-
мадан шығарыңыз және пайдалану алдында 3
сағаттан кем емес уақыт күтіңіз.
• Шаңсорғышты ашыңыз, барлық қаптамалық және
жарнамалық материалдарды алып тастаңыз.
• Зауыттық қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалануға беру жөнін-
дегі кеңестермен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құралды зақымдануына қатысты тексеріп шығыңыз,
зақымдануы болған жағдайда оны қоспаңыз.
• Құралда көрсетілген қуаттандыру кернеуінің пара-
метрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ЖИНАУ
• Аккумуляторлық батареяны (9) бекіткіш (10) шертіл-
генге дейін орнатыңыз.
• Бекіткішті (4) басып, тұтқаны (1) тік күйге орна-
тыңыз, тұтқаның (1) бекіткішпен (4) бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
• Бекіткіш (5) іске қосылғанға дейін тұтқаның корпусы-
на «қол шаңсорғышты» орнатыңыз.
• Электр қылшақты (11) (сур. 1) орнатыңыз, қыл-
шақтың (11) бекіткішпен (8) бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Электр қылшақты (11) шешіп алу үшін
бекіткішті (8) басыңыз да, қылшақты (11) шешіп
алыңыз.
• Тегіс едендері немесе кілем жабынының орташа
және қысқа түгі бар үй-жайларды жинау үшін электр-
лік қылшақты (11) пайдаланыңыз.
Ескертпе:
- егер кілем жабындары түктерінің ұзындығы 15
мм асатын болса, онда электрлік қылшақты (11)
пайдалануға тыйым салынады.
- электрлік қылшақпен (11) электр сымдарының
үстінен жүргізуге болмайды.
- үй-жайды электрлік қылшақты (11) пайдаланып
жинауды аяқтағаннан кейін шаңсорғышты қосу/
өшіру пернесін (2) басып, өшіріңіз.
• Қосымша саптамаларды (20, 21) пайдалану
• Саптамалар (20, 21) «қол шаңсорғыш» орнатылған
жағдайда ғана қолданылады.
• Бекіткішті (5) басыңыз және «қол шаңсорғышты»
шығарып алыңыз, саптаманы (20 немесе 21) «қол
шаңсорғыштың» ауа тартқыш тесігіне салыңыз.
• «Қол шаңсорғышты» қосу батырманы (7) басу
арқылы жүзеге асырылады, осы ретте жарық инди-
каторы (6) жанады.
• Жұмыс соңында «қол шаңсорғышты» сөндіріңіз, ол
үшін батырманы (7) басыңыз, жарық индикаторы (6)
сөнеді.
• Орнатылған саптаманы (20 немесе 21) шығарып
алыңыз.
• Саптамаларды (20, 21) едендік тұғырда (15) оларды
орнататын жерлерде (16) сақтаңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents