Bosch GLM Professional 80 Original Instructions Manual page 213

Hide thumbs Also See for GLM Professional 80:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
Өлшеу түймесін (2) басып, өлшеу мәнін бекітіңіз және
өлшеу мәндерінің жадына көшіріңіз. Өлшеу түймесін (2)
тағы бір рет басу арқылы өлшеуді жалғастыруға болады.
Өлшеу процесінің барысында индикатор жыпылықтаса,
бұл өлшеу құралының бүйірінен қатты аударылғанын
білдіреді.
Негізгі реттеулерде "Сандық ватерпас" функциясы
қосылған болса, көлбеу мәні басқа өлшеу
функцияларында да дисплейдің (1) (d) жолағында
көрсетіледі.
Таймер функциясы
Таймер функциясы, мысалы, өлшеу кезінде өлшеу
құралының қозғалыстарына жол бермек қажет болған
жағдайда көмектеседі.
Таймер функциясы үшін (6) түймесін дисплейде 
индикаторы пайда болғанша басып тұрыңыз.
Өлшеу мәндерінің жолағында (a) іске қосылудан өлшеуге
дейінгі уақыт аралығы көрсетіледі. Уақыт аралығын плюс
түймесін (11) немесе минус түймесін (5) басу арқылы 1 с
және 60 с аралығында реттеуге болады.
Реттелген уақыт аралығы өткеннен кейін,
өлшеу автоматты түрде орындалады.
Таймер функциясын басқа өлшеу
функцияларының ішіндегі қашықтықты
өлшеу әрекеттерінде де (мысалы, ауданды өлшеу)
пайдалануға болады. Өлшеу нәтижелерін қосу және
азайту және ұзақтықты өлшеу мүмкін болмайды.
Соңғы өлшеу нәтижелерінің тізімі
Өлшеу құралы соңғы 20 өлшеу мәні мен олардың
есептемелерін сақтап, оларды кері реттілік бойынша
көрсетеді (соңғы өлшеу мәндері ең басында).
Сақталған өлшеу мәндерін шақыру үшін (7)
түймесін басыңыз. Дисплейде соңғы өлшеу
нәтижесі, яғни өлшеу мәндерінің тізіміне
арналған индикатор (e) және көрсетілген
өлшемдерді нөмірлеуге арналған жад орны
пайда болады.
(7) түймесін қайта басқан кезде ешқандай басқа
өлшемдер сақталмаса, өлшеу құралы соңғы өлшеу
функциясына қайтып оралады. Өлшеу мәндерінің
тізімінен шыққанда, өлшеу функциялары түймелерінің
бірін басыңыз.
Ағымдағы уақытта көрсетілген ұзындықты өлшеу мәнін
тұрақты мән ретінде сақтау үшін өлшеу мәндері тізімінің
түймесін (7) дисплейде "CST" пайда болғанша басып
тұрыңыз. Өлшеу мәндері тізімінің жазбасын кейін
тұрақты мән ретінде сақтауға болады.
Ұзындықты өлшеу мәнін өлшеу функциясында (мысалы,
ауданды өлшеу) пайдалану үшін өлшеу мәндері тізімінің
түймесін (7) басып, қажетті жазбаны таңдаңыз және
нәтиже түймесін (6) басу арқылы растаңыз.
Өлшеу мәндерін жою
(8) түймесін қысқаша басу арқылы барлық өлшеу
функцияларында соңғы есептелген бөлек өлшеу мәнін
жоюға болады. Түйме бірнеше рет қысқаша басылғанда,
бөлек өлшеу мәндері кері реттілік бойынша жойылады.
Bosch Power Tools
Ағымдағы уақытта көрсетілген өлшеу мәндері тізімінің
жазбасын жою үшін (8) түймесін қысқаша басыңыз. Бүкіл
өлшеу мәндерінің тізімін және "CST" тұрақты мәнін жою
үшін өлшеу мәндері тізімінің түймесін (7) басып тұрып,
дәл сол уақытта (8) түймесін қысқаша басыңыз.
Қабырға ауданын өлшеу функциясында (8) түймесін
алғаш рет басқан кезде, соңғы бөлек өлшеу мәні, екінші
рет басқан кезде, барлық B
ұзындықтары, ал үшінші рет
X
басқан кезде, A бөлме биіктігі жойылады.
Өлшеу мәндерін қосу
Өлшеу мәндерін қосу үшін алдымен кез келген өлшеу
әрекетін орындаңыз немесе өлшеу мәндерінің тізімінен
жазбаны таңдаңыз. Содан кейін плюс түймесін (11)
басыңыз. Дисплейде растау үшін "+" пайда болады.
Содан кейін екінші өлшеу әрекетін орындаңыз немесе
өлшеу мәндерінің тізімінен жазбаны таңдаңыз.
Екі өлшеудің қосындысын шақыру үшін
нәтиже түймесін (6) басыңыз. Есептеу
өлшеу мәндерінің жолағында (a)
көрсетіледі, ал қосынды нәтижелер
жолағында (c) тұрады.
Қосынды есептелгеннен кейін, өлшеуден бұрын плюс
түймесі (11) басылса, осы нәтижеге қосымша өлшеу
мәндерін немесе өлшеу мәндері тізімінің жазбаларын
қосуға болады. Қосу әрекеті нәтиже түймесін (6) басу
арқылы аяқталады.
Қосу бойынша нұсқаулар:
– Ұзындық, аудан мен көлем мәндерін араластырып
қосу мүмкін емес. Егер, мысалы, бір ұзындық және бір
аудан мәні қосылса, нәтиже түймесі (6) басылған
кезде, дисплейде "ERROR" жазбасы қысқа мерзімге
пайда болады. Содан кейін өлшеу құралы соңғы
белсенді болған өлшеу функциясына ауысады.
– Бір өлшеу нәтижесі (мысалы, көлем мәні), ұзақтықты
өлшеу кезінде нәтижелер жолағында (c) көрсетілген
өлшеу мәні тиісінше қосылады. Өлшеу мәндерінің
жолағынан (a) бөлек өлшеу мәндерін қосу мүмкін
емес.
Өлшеу мәндерін алу
Өлшеу мәндерін алу үшін минус түймесін
(5) дисплейде растау ретінде "–" пайда
болғанша басыңыз. Кейінгі әрекеттер
"Өлшеу мәндерін қосу" процедурасымен
бірдей болады.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Жалпы нұсқаулар
Қабылдау линзасын (17) және лазер сәулесінің шығысын
(16) өлшеу кезінде жабуға болмайды.
Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжытуға тыйым
салынады (ұзақтықты өлшеу және көлбеуді өлшеу
функцияларын қоспағанда). Сол үшін өлшеу құралын
мүмкіндігінше тұрақты тірек немесе бекіту аймағына
қойыңыз.
Қазақ | 213
1 609 92A 55A | (05.08.2019)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Glm professional 80+r 60

Table of Contents