Bosch Professional GCD 12 JL Original Instructions Manual page 208

Hide thumbs Also See for Professional GCD 12 JL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
208 | Қазақ
Дайындаманы босату
– Шпиндель тұтқасын (9) босатыңыз.
– Жылдам құлпын ашу құралын (8) ашып, бекіту
шпинделін (7) дайындамадан ары тартыңыз.
Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
Аралау бойынша жалпы нұсқаулар
Ара дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Ара
дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
тіреуіш планканы орналастыру үшін тік қырлы болуы тиіс.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар:
Дайындама
Еңіс бұрышы (көлденең)
пішіні
115 Ø
100 x 100
158 x 80
110 x 110
Минималды дайындамалар
(= бекіту шпинделімен (7) мықтап қысуға болатын
барлық дайындамалар): ұзындығы 80 мм
макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 115 мм
Шаң/жоңқа сорғыш (H суретін қараңыз)
Қорғасын бояу, минералдар және металл сияқты
материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалармен байланыстырылған
жағдайда қаупті болып табылады. Асбестік материалды
техник мамандар ғана өңдеуі тиіс.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
– P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
беріледі.
Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды ұстаныңыз.
1 609 92A 7N3 | (26.04.2022)
Ара дискісі (31) шаңнан, жоңқадан немесе дайындама
сынықтарынан аралау үстелінің (25) тесігінде бұғатталуы
мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Жоңқа жылжымалы жәшігін (24) тартып шығарыңыз
да, оны толықтай босатыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Пайдаланушының күйі (I суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
45°
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
90 Ø
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
– Манипулятор алдында қолыңызды айқастырмаңыз.
Қосу (J суретін қараңыз)
85 x 85
– Іске қосу үшін ажыратқышты (17) басып тұрыңыз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (17)
бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты
түрде басып тұру қажет.
85 x 85
Бекіту тұтқышы (1) басылғанда ғана манипуляторды
төмен жылжыту мүмкін болады.
– Сондықтан аралау үшін ажыратқышты тартуға қоса
85 x 85
бекіткіш иінтіректі (1) де басу керек.
Бірқалыпты іске қосу
Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде
айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету
мерзімін ұзартады.
Өшіру
– Өшіру үшін ажыратқышты (17) жіберіңіз.
Аралау
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес мықтап қысыңыз.
– Қажет болса, қажетті көлденең еңіс бұрышын реттеп
шығыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай жылжытыңыз.
Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gcd 12 jl professional0601b28000

Table of Contents