Philips FC8796 Manual page 99

Hide thumbs Also See for FC8796:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
үшін, алғашында жанында тұрыңыз. Сондай-ақ, роботты қара және жылтыр қатты едендерде
пайдаланғанда қадағалау қажет.
Робот қалай тазалайды
Тазалау жүйесі
Роботта едендерді тиімді тазалауға арналған 3 кезеңді тазалау жүйесі бар.
- Екі бүйірлік щетка роботтың бұрыштарды және қабырғалардың бойын тазалауына көмектеседі.
Сондай-ақ, олар едендегі кірді тазалауға және оны сору саңылауына (сурет 3) қарай жылжытуға
көмектеседі.
- Роботтың сору қуаты кірді тартып алады және оны сору саңылауы арқылы шаң контейнеріне (сурет
4) тасымалдайды.
- FC8796 және FC8794 түрлері қатты еденді жуатын роботқа тіркелетін жуу саптамасымен келеді.
Тазалау үлгілері
Авто тазалау режимінде робот бөлменің әр аумағын оңтайлы тазалау үшін тазалау үлгілерінің
автоматты реттілігін пайдаланады. Оған пайдаланылатын тазалау үлгілері:
Аралас үлгі (сурет 5)
1
2 Қабырға бойымен жүретін үлгі (сурет 6)
3 Дақты тазалау үлгісі (сурет 7)
Авто тазалау режимінде робот осы үлгілерді бекітілген реттілікпен пайдаланады: аралас үлгі, қабырға
бойымен жүретін үлгісі және дақ тазалау үлгісі.
Робот осы үлгілер реттілігін аяқтағанда, қайтадан аралас үлгімен қозғала бастайды. Робот қайта
зарядталатын батарея таусылғанша немесе қолмен өшіргенше, бөлмені тазалау үшін осы үлгілер
реттілігін пайдалануды жалғастырады.
Ескерту: Сондай-ақ, қашықтан басқару құралында (көріңіз ' ') тиісті түймені басу арқылы әр режимді
жеке-жеке таңдауға болады.
Робот биіктіктегі айырмашылықтардан қалай аулақ жүреді
Роботтың түбінде бес құлау датчигі бар. Ол осы құлау датчиктерін баспалдақтар сияқты биіктіктегі
айырмашылықтарды анықтау және аулақ жүру үшін пайдаланады.
Ескерту: Роботтың биіктік айырмашылығы жиегінен аздап шығып қозғалуы қалыпты, өйткені алдыңғы
құлау датчигі буфердің артында орналасқан.
Абайлаңыз: Кейбір жағдайларда құлау датчиктері баспалдақтарды немесе басқа биіктік
айырмашылығын уақытылы анықтамауы мүмкін. Сондықтан бірінші рет пайдаланғанда және
баспалдақтардың немесе басқа биіктік айырмашылығының жанында пайдаланғанда, роботты мұқият
бақылаңыз. Робот биіктік айырмашылықтарын дұрыс (көріңіз 'Робот тазалау') анықтауын жалғастыруы
үшін, құлау датчиктерін жүйелі түрде тазалап тұру маңызды.
Бірінші рет пайдалану алдында
Бүйірлік щеткаларды бекіту
1 Бүйірлік щеткаларды орамынан шығарыңыз және роботты үстелде немесе еденде аударыңыз.
2 Бүйірлік щеткаларды робот (сурет 8) түбіндегі біліктерге салыңыз.
Қазақша
99

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc8794Fc8792Fc8792/01

Table of Contents