Philips FC8796 Manual page 101

Hide thumbs Also See for FC8796:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
4 Батарея қуаты азайғанда іске қосу/тоқтату түймесі жылдам жыпылықтай бастайды және робот
зарядтау үшін (сурет 22) қондырма станцияны іздей бастайды.
5 Сонымен қатар, тазалау сеансын уақытша немесе толық тоқтату үшін іске қосу/тоқтату түймесін
басуға болады. Егер іске қосу/тоқтату түймесін қайтадан бассаңыз және қайта зарядталатын
батареяда әлі жеткілікті қуат бар болса, робот тазалауды авто тазалау режимінде жалғастырады.
6 Роботты қондырма станцияға қайта зарядталатын батарея заряды азаймай тұрып қайтару үшін
қашықтан басқару құралындағы (сурет 23) қондырма станцияға орнату түймесін басыңыз.
7 Іске қосу/тоқтату түймесі жыпылықтай бастайды және робот қондырма станцияға оралады.
Ескерту: Егер роботты қондырма станциядан іске қоспаған болсаңыз, ол қайта зарядталатын
батарея заряды азайғанда қондырма станцияға автоматты түрде оралмайды. Егер қайта
зарядталатын батареяда әлі жеткілікті қуат бар болса, роботты қондырма станцияға қайтару үшін
қашықтан басқару құралында қондырма станцияға қою түймесін басуға болады. Егер қайта
зарядталатын батареяның қуаты толығымен таусылса, роботты қондырма станцияға қолмен қою
керек.
Тазалау режимін таңдау
Бұл роботта әрқайсысын қашықтан басқару құралында тиісті түймені басу арқылы белсендіруге
болатын үш жеке тазалау режимі бар.
Аралас режим
Бұл режимде робот бөлмені түзу және айқас қозғалыстардың (сурет 24) аралас үлгісімен тазалайды.
Қабырға бойымен жүру режимі
Бұл режимде робот қабырға бойындағы аумақты ерекше тазалау (сурет 25) үшін бөлменің
қабырғаларының бойымен жүреді.
Дақ тазалау режимі
Осы режимде робот осы аймақты толығымен (сурет 26) тазалау үшін кішкентай аймаққа кездейсоқ
өтеді.
Ескерту: Қолмен таңдалатын режимдер бірнеше минут қана белсенді болады. Одан кейін робот авто
тазалау режиміне ауысады.
Қолмен жүргізу
Роботты қашықтан басқару құралындағы түймелермен қолмен жүргізуге болады.
1 Роботты бөлмеде (сурет 27) жүргізу үшін қашықтан басқару құралындағы іске қосу/тоқтату
түймесінің үстіндегі және астындағы, әрі сол-оң жақтарындағы көрсеткі түймелерді пайдаланыңыз.
Ескерту: Роботты биіктік айырмашылықтары мен баспалдақтарға жақын жүргізу кезінде абай
болыңыз.
Ескерту: Вакуумдау функциясы және бүйірлік щеткалар тек робот алға жүрген кезде жұмыс істейді.
Сол жақ, оң жақ немесе артқы түймелер тек роботты басқаруға арналған.
24 сағаттық жоспарлағыш пайдалану
24 сағаттық жоспарлағышты қашықтан басқару құралымен белсендіруге болады. Робот күту
режимінде екендігін және қондырма станцияға орналастырылмағанын тексеріңіз.
1 24 сағаттық жоспарлағышты белсендіру үшін қашықтан басқару құралынан 24 сағаттық
жоспарлағыш түймесін басыңыз.
Қазақша
101

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc8794Fc8792Fc8792/01

Table of Contents