Philips FC8796 Manual page 104

Hide thumbs Also See for FC8796:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
104
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Сүзгіні ауыстыру
Егер өте ластанса немесе зақымдалса (көріңіз 'Шаң контейнерін босату және тазалау'), EPA сүзгісін
ауыстырыңыз. Жаңа EPA сүзгісін алу үшін, www.philips.com/support торабына өтіңіз.
Бүйірлік щеткаларды ауыстыру
Тиісті тазалау нәтижелерін қамтамасыз ету үшін бүйірлік щеткаларды біраз уақыттан кейін
ауыстырыңыз.
Ескерту: Тозу немесе зақым белгілерін байқағанда, бүйірлік щеткаларды міндетті түрде ауыстырыңыз.
Сондай-ақ, бүйірлік щеткалардың екеуін де бір уақытта ауыстыру ұсынылады. Бүйірлік щеткаларды
алу үшін, www.philips.com/support торабына өтіңіз.
1 Бүйірлік щеткаларды ауыстыру үшін ескі бүйірлік щеткаларды қылдарынан ұстап, біліктерінен
тартып алыңыз.
2 Жаңа бүйірлік щеткаларды біліктерге итеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру
Қайта зарядталатын батареяны тек білікті қызмет инженерлері ауыстыруы мүмкін. Енді қайта зарядтау
мүмкін болмағанда немесе қуаты жылдам таусыла бастағанда батареясын ауыстыру үшін роботты
өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз. Байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығынан таба аласыз.
Қашықтан басқару құралының батареяларын ауыстыру
1 Құлақшаны (1) басып батарея бөлімі қақпағының (2) құлпын ашып, батарея бөлімі қақпағын (сурет
9) шешіңіз.
2 Бос AA батареяларын батарея бөлімінен алыңыз.
3 Екі жаңа AA батареясын (сурет 10) салыңыз.
Ескерту: - және + полюстері дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз.
4 Батарея бөлімінің қақпағын қайта тіркеу үшін, алдымен, бөлім ойығындағы саңылауға (1) шығыңқы
жерін салып, сырт етіп (сурет 11) құлыпталғанша қақпақты (2) басыңыз. Қашықтан басқару құралы
енді пайдалануға дайын.
Ескерту: Бос алынбалы батареяларды еліңіздегі жергілікті ережелерге сәйкес жойыңыз.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Абайлаңыз: Құрылғыны тастау кезінде қайта зарядталатын батареяны ғана алып тастаңыз.
Батареяны алып тастау алдында оның толығымен бос екендігін тексеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяны шығару үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Сонымен қатар, қайта
зарядталатын батареяны шығару үшін роботты өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз.
Еліңіздегі жақын қызмет орталығы мекенжайы үшін Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1 Алу және қоқысқа лақтыру алдында зарядының толығымен таусылуы үшін роботты батарея
таусылғанша жұмыс істетіңіз.
2 Батарея бөлімінің бұрандаларын босатып, қақпағын (сурет 45) шешіңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc8794Fc8792Fc8792/01

Table of Contents