Hilti DD VP-U Manual page 151

Hide thumbs Also See for DD VP-U:
Table of Contents

Advertisement

▶ Бұрғылау кезінде су бөлгіштің толтыру деңгейін қадағалаңыз.
сақтандырғыш клапан іске қосылғанша босатыңыз.
▶ Су бөлгішті босатыңыз. → Бет 147
▶ Сақтандырғыш клапан іске қосылса, вакуумдық сорғы әрі қарай теріс қысым шығармайды және
вакуум баяу төмендейді.
▶ Бұрғылау әрекетін тоқтатып, бұрғылау жүйесін өшіріңіз. Бұрғылау жүйесін құлап түсуден
бекітіңіз.
▶ Су бөлгішті босатыңыз. → Бет 147
6.5
Вакуумдық сорғыны өшіру
1. Бұрғылау әрекетін аяқтап, бұрғылау жүйесін өшіріңіз.
2. Бұрғылау жүйесін бөлшектеңіз.
3. Ажыратқышты басу арқылы вакуумдық сорғыны өшіріңіз.
4. Вакуумдық тірек тақтасындағы вакуумды түсіру клапанын іске қосыңыз.
▶ Қажет болса, станинаны қауіпсіз түсіріңіз.
5. Вакуумдық шлангіні вакуумдық тірек тақтасынан алып тастаңыз.
6. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолда-
ныңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-
жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7.1
Су бөлгішті босату
Су бөлгіш бұрғылау кезінде толып кетсе немесе сақтандырғыш клапан іске қосылса, бұрғылау
жүйесін өшіріп, құлап түсуден бекітіңіз.
1. Бұрғылау әрекетін тоқтатып, бұрғылау жүйесін өшіріңіз.
2. Бұрғылау жүйесін құлап түсуден бекітіңіз.
1. Вакуумдық сорғыны өшіріңіз.
2. Қажет болса, вакуумды түсіріңіз.
*416185*
416185
Су бөлгішті мүмкіндігінше
Қазақ
147

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents