Қауіпсіздік Ережелері Мен Басқа Да Маңызды Ақпарат - Grundfos JPA Series Safety Instructions And Other Important Information

Table of Contents

Advertisement

Қазақша (KZ) Қауіпсіздік ережелері мен басқа да маңызды ақпарат
Ағылшын түпнұсқалық данасының аудармасы
Бұл қауіпсіздік ережелері осы өніммен
жасалынған кез келген жұмысқа байланысты
қабылданатын сақтық шараларының қысқаша
шолуы болып табылады.
Осы өнімді өңдеу, орнату, пайдалану, сақтау,
техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу кезінде
аталған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Бұл техникалық қауіпсіздік ережелері қосымша
құжат болып табылады жəне барлық қауіпсіздік
ережелері орнату мен пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың сəйкес бөлімдерінде қайта
көрсетіледі.
Осы техникалық қауіпсіздік ережелерін келешекте
пайдалану үшін орнату аймағында сақтап
қойыңыз
Орнатуға кіріспес
бұрын, осы құжатты
жəне орнату мен
пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың
электрондық нұсқасын
оқып шығыңыз. Орнату
мен пайдалану əрекеті
жергілікті ережелер
мен жұмыс жүргізу
тəжірибесінің
қабылданған
заңдарына сəйкес
орындалуы қажет.
116
Бұл құрылғыны 8 жасқа
толған жəне одан асқан
балалар, физикалық не
ақыл-ой қабілеті
шектеулі адамдар
немесе құрылғыны
пайдалану тəжірибесі
мен білімі жоқ адамдар
қауіпсіздік техникасы
жөніндегі нұсқаулармен
жəне қолдану
барысында мүмкін
болатын
зиян-зардабымен
танысқан жағдайда
ғана пайдалана алады.
Балалардың
құрылғымен ойнауына
тыйым салынады.
Балалар құрылғыны
тазалауды жəне
пайдаланушылық
техникалық қызмет
көрсетуді ересек
адамның
қадағалауынсыз
орындамауы қажет.
Сорғы орнатылған
жүйенің сорғының ең
жоғарғы қысымына
арналғандығына көз
жеткізіңіз.
Бұл сорғы тек сумен
жұмыс істеуге
арналған.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents