Briggs & Stratton 080000 Operator's Manual page 130

Hide thumbs Also See for 080000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
көрсету жұмыстарын зауыт өкілеттік берген дилер атқаруы тиіс. Шығатын газ
мөлшерін басқару мәлімдемелерін қараңыз.
Техникалық қызмет көрсету кестесі
Алғашқы 5 сағат
• Майды ауыстыру ( Just Check & Add™ үлгілерінде керек емес)
Әр 8 сағат немесе күн сайын
• Қозғалтқыш майының деңгейін тексеру
• Бәсеңдеткіш пен басқару элементтері айналасындағы аумақты тазалау
• Ауа соратын торды тазалау
Әр 25 сағат немесе жыл сайын
• Ауа сүзгісін тазалау
1
• Алдын ала тазалау құралын тазалау (егер бар болса)
Әр 50 сағат немесе жыл сайын
• Қозғалтқыш майын ауыстыру ( Just Check & Add™ үлгілерінде керек емес)
• Пайдаланылған газдарды шығару жүйесіне қызмет көрсету 
Жыл сайын
• Оталдыру білтесін ауыстыру
• Ауа сүзгісін ауыстыру
• Алдын ала тазалау құралын ауыстыру (егер бар болса)
• Салқындату жүйесіне қызмет көрсету
• Клапан саңылауын тексеру
2
1
Шаң көтерілгенде немесе ауада бөгде қалдықтар болғанда, жиірек
тазалаңыз.
2
Қозғалтқыш жұмысында ақаулықтар байқалмаса, қажет емес.
Карбюратор мен қозғалтқыш
жылдамдығы
Карбюраторды немесе қозғалтқыш жылдамдығын бейімдеуші болмаңыз.
Карбюратор зауытта жағдайлардың көбінде тиімді жұмыс істейтіндей орнатылған.
Қозғалтқыш жылдамдығын өзгерту үшін реттегіш серіппені, жалғауларды немесе
басқа бөлшектерді өзгертуге болмайды. Кез келген бейімдеу қажет болса, қызмет
көрсету үшін Briggs & Stratton компаниясының Өкілетті қызмет көрсетушісіне
хабарласыңыз.
ХАБАРЛАМА
Жабдық өндірушісі жабдыққа орнатылған қозғалтқыштың
максималды жылдамдығын белгілейді. Бұл жылдамдықтан аспаңыз.
Жабдықтың максималды жылдамдығын немесе зауытта орнатылған
жылдамдықты білмесеңіз, көмек алу үшін Briggs & Stratton компаниясының
Өкілетті қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз. Жабдықты қауіпсіз және тиісті
түрде қолдану үшін қозғалтқыш жылдамдығын тек білікті қызмет көрсету маманы
бейімдеуі тиіс.
Оталдыру білтесіне қызмет көрсету
Суретті қараңыз: 13
Сым калибрімен (В) аралықты тексеріңіз (A, 13 суреті). Қажет болса, аралықты
қайта орнатыңыз. Оталдыру білтесін орнатып, кеңес берілген бұрау моментін
қолданып қатайтыңыз. Аралық немесе бұрау моментінің параметрін
Сипаттамалар бөлімінен қараңыз.
Ескертпе: Кейбір өңірлердегі заңдар тұтату сигналдарын басу үшін резисторлық
оталдыру білтелерін қолдануды талап етеді. Бұл қозғалтқыш басында
резисторлық оталдыру білтесімен жабдықталған болса, оны сондай білте түрімен
алмастырыңыз.
Пайдаланылған газдарды шығару
жүйесіне қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөледі. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе бәсеңдеткіш қатты қызып кетеді.
Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жанғыш қалдықтар, мысалы жапырақтар, шөп, бұтақтар, т.б. тұтануы
мүмкін.
130
1
• Бәсеңдеткішке, қозғалтқыш цилиндріне және тілімшелерге тимес бұрын, олар
салқындағанша күтіңіз.
• Бәсеңдеткіш пен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып тастаңыз.
• Калифорнияның ортақ ресурстар кодексінің 4442 бабына сәйкес
қозғалтқыштың газ шығару жүйесі ұшқын сөндіргішімен жабдықталмаған
болса (4442 бабында сипатталғанға сәйкес) немесе ол тиімді түрде жұмыс
істейтін күйде болмаса, қозғалтқышты кез келген орман, тоғай немесе шөп
бар жерде қолдануға тыйым салынады. Басқа штаттар мен федералдық
юрисдикцияларда осыған ұқсас заңдар бар. Осы қозғалтқышқа орнатылған
газ шығару жүйесіне арналған ұшқын сөндіргішін алу үшін бастапқы жабдық
өндірушісіне, сатушысына немесе қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Бәсеңдеткіш пен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып тастаңыз.
Бәсеңдеткішті тексеріп, шатынаған я тот басқан жерлері немесе басқа зақым
жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Жабдықталған болса, дефлекторды немесе ұшқын
сөндіргішін шешіп алып, оның зақымдалмағанын немесе күйік жиналып
қалмағанын тексеріңіз. Зақым табылса, қозғалтқышты қолданбас бұрын бөлшекті
ауыстырыңыз.
ЕСКЕРТУ
Бөлшектерді бірдей бөлшектермен алмастыру және түпнұсқа бөлшектер тұрған
орындарға орнату қажет. Басқа бөлшектер түпнұсқа бөлшектермен бірдей
өнімділікке жетпеуі мүмкін және құрылғыны зақымдап, жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
Қозғалтқыш майын ауыстыру
Суретті қараңыз: 14, 15, 16 
ЕСКЕРТУ
 Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш. 
 Өрт немесе жарылыс салдарынан қатты күйіп қалу немесе өлім жағдайы
орын алуы мүмкін. 
 Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөлінеді. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе бәсеңдеткіш қатты қызып кетеді. 
 Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін. 
• Жоғарғы май құю түтігінен майды ағызған кезде жанармай багі бос болуы
керек, әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін. 
• Бәсеңдеткішке, қозғалтқыш цилиндріне және тілімшелерге тимес бұрын, олар
салқындағанша күтіңіз. 
Қолданылған май қауіпті қалдық өнімі болып табылады, сондықтан оны тиісті түрде
тастау керек. Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қауіпсіз түрде тастау/қайта
өңдеу орталықтары туралы ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке, қызмет көрсету
орталығына немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз. 
 Just Check & Add™ үлгілері үшін майды ауыстыру қажет емес. Майды
ауыстырғыңыз келсе, төмендегі процедураны орындаңыз. 
Қозғалтқыш майын ауыстыру
Майды жоғарғы май құю түтігінен ағызып алу керек.
1.
Қозғалтқыш өшіп, бірақ әлі жылы тұрған кезде оталдыру білтесінің сымын (D,
суреті 14) ағытып, оны оталдыру білтесінен (Е) аулақ ұстаңыз.
2.
Май деңгейін өлшейтін өзекті шығарып алыңыз (A, суреті 15).
3.
Майды жоғарғы май құю түтігі (C, суреті 16) арқылы ағызған кезде,
қозғалтқыштың оталдыру білтесі (Е) орналасқан жағын жоғары қаратып
ұстаңыз. Майды мақұлданған ыдысқа ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жоғарғы май құю түтігінен майды ағызған кезде жанармай багі бос болуы керек,
әйтпесе, жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін. Жанармай
багін босату үшін қозғалтқышты жанармай таусылғанша істетіп қойыңыз.
Қозғалтқыш майын ауыстыру
• Қозғалтқыш түзу тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Май құю жерін тазалаңыз.
• Сыятын май көлемін Сипаттамалар бөлімінен қараңыз.
1.
Май деңгейін өлшейтін өзекті (A, суреті 15) шығарып алып, таза шүберекпен
сүртіңіз.
2.
Май құю тесігіне (C, суреті 15 ақырындап май құйыңыз. Асырып жібермеңіз.
Май қосқаннан кейін бір минут күтіп, май деңгейін тексеріңіз.
BRIGGSandSTRATTON.com

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

090000093j00100000

Table of Contents