Philips HR7770/00 User Manual page 55

Philips food processor 550 w compact 2 in 1 setup 2 l bowl
Hide thumbs Also See for HR7770/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Кейбір ингредиенттерге, мысалы, жемістерге кішкене сұйықтық,
мысалы, лимон шырынын қоссаңыз, араластыру жеңілірек болады.
-
Сорпа араластыратын болсаңыз, қайнатылған ингредиенттерді
пайдаланыңыз.
-
Нәтиже көңіліңізден шықпаса, жылдамдық таңдаушыны P (серпіліс
қалпы) қалпына апару арқылы қысқа уақытқа құралды бірнеше рет
іске қосыңыз. Сондай-ақ, азырақ бөлігімен жұмыс істеу үшін
ингредиенттерді қалақшамен араластыру арқылы (араластырғыш
өшірулі кезде) немесе кейбір құрамындағы заттарды алып тастау
арқылы жақсырақ нәтижеге қол жеткізуге болады.
-
Тасып кетпеу үшін ыстық сұйықтықтарды немесе көбіктенетін
ингредиенттерді (мәселен сүтті) шайқағанда, араластырғыш
ыдысына 0,5 литрден артық сұйықтық құймаңыз.
-
Егер тамақ араластырғыш ыдысының жан-жағына тұрып қалса,
құралды сөндіріп, тоқтан суырыңыз. Тұрып қалған тамақты алып
тастау үшін күрекшені қолданыңыз.
Тазалау
1
Құралды сөндіріп, оны тоқтан суырыңыз.
2
Мотор корпусын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, және
оны ағын судың астында да шаюға болмайды.
3
Тамақ тиген бөлшектерді қолданып болған соң, кішкене жуғыш
сұйықтық пайдаланып ыстық сумен жуыңыз.
Тамақ өңдеуші құралдың пышағын, араластырғыш пышағы мен
ендірмелерін абайлап жуыңыз. Олардың жүздері өте өткір болады.
Ескертпе: Мотор бөлігінен басқа бөлшектерінің бәрін ыдыс жуғышта
жууға болады.
-
Пышақтар мен дискілердің жүздерін қатты заттарға тигізбеңіз.
Бұл олардың өткірлігіне зиян келтіруі мүмкін.
Тамақ өңдеуші құрал табағын және араластырғыш
ыдысын тез тазарту әдісі.
1
Тамақ өңдеуші құрал табағына немесе араластырғыш ыдысына
жылы су (0,5 литрден артық емес) және аздап жуғыш сұйықтық
құйыңыз.
2
Тамақ өңдеуші құрал табағының немесе араластырғыш
ыдысының үстіне қақпақты қондырып, оны сағат тілі бойынша
айналдырып орнатыңыз.
3
Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 18).
4
Тамақ өңдеуші құрал табағы немесе араластырғыш ыдысы таза
болғанша немесе 30 секундқа құралды іске қосыңыз.
5
Араластырғыш ыдысын немесе тамақ өңдеуші құрал табағын
ажыратып, оны таза сумен шайыңыз.
сақтау
1
Кабельді құралдың түбіне орап қоюға болады.
Қоршаған орта
-
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй
қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды
арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз.
Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді
тигізесіз (Cурет 32).
Қызмет көрсету және кепілдік.
Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген
мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-сайтына
кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар орталығына
хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік
кітапшасынан табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған
жағдайда жергілікті Philips дилерімен байланысыңыз.
ҚазаҚша
55

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hr7770

Table of Contents